⛅
15°C
Қонаев
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел нарығына елеулі үлес

    18.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Ел нарығына  елеулі үлес
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         «Аврора Холдинг» компаниялар бірлестігі ел нарығында 15 жылдан астам уақыттан бері табысты қызмет атқарып келеді. Холдингтің әрбір бағытына тиесілі өндірістік алаңдары Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында орналасқан. Бүгінгі таңда жалпы қызметкерлер саны 2000-нан асады, ал аймақтық өкілдіктер Қазақстан Республикасының барлық аумағында жұмыс істейді.

    «Аврора Холдинг» компаниялар бірлестігі корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік мәселе­леріне ерекше көңіл бөледі. Холдинг әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға белсенді түрде қатысып, еңбек жағдайын жақсарту, қыз­меткерлердің денсаулығын қорғау және кәсіби дамуына бағытталған шараларды үнемі жүзеге асыруда. Орнықты дамуды және қоғам игілігіне үлес қосуды басты мақсаттарының бірі ретінде қарастыратын компания жеткен жетістіктеріне мардымсымай, өздері шығаратын тауарлардың саны мен сапасын арттыру жолында еңбек етуде. Холдингтің негізгі артық­шылықтарының бірі – өнім сапасы мен шығарылатын өнімде қазақстандық құрамның жоғары үлесін қалыптастыру десек, еш қателеспейміз.
    «Аврора Холдинг» компаниясы негізінен үш бағытта еңбек етіп келеді. Нақтырақ айтар болсақ, бірінші – 2024 жылдың тамыз айына дейін «ЭТЗ Аврора» ЖШС деп аталып, бүгінде «Avrora Electric» деп өзгертілген кәсіпорын. Бұл – қазақ­стандық тауар өндірушілер тізімін­де тіркелген, электрге арналған техникалық жабдықтар мен жинақталған трансформаторлық қосалқы стансалар өндіруге маманданған компания.
    Мұнда шығарылатын негізгі өнім­дер – жинақталған трансформаторлық қосалқы стансалар, 6, 10, 20 және 27,5 кВ кернеуге арналған тарату құрыл­ғылары, төмен вольтты коммутация­лық жабдықтар және басқа да бұйымдар.Өнімдер ГОСТ пен қолданыстағы нормативтік құжаттарға, стандарт­тармен техникалық шарттарға сай шығарылады және бұл тиісті серти­фикаттармен расталған.
    Кәсіпорынның директоры Ғалымжан Жексенбиновтің айтуын­ша, мұнда шығарылатын құрылғы­лардың 60-90 пайызына дейін отандық өнімдер пайдаланылады. Елімізде өндірілмейтіндіктен микропроцессорлар ғана шетелден алынуда. Қалған бөлшектер толығымен өзімізде жасалады. Трансформатор стансаларын еліміздегі жарық компания­­ларынан бастап, құрылыс мекемелері, жеке кәсіпорындар мен заңды тұлғалар тапсырыс беру арқылы алып келеді. Сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжікстанға экспортталуда.
    «Avrora Electric» кәсіпорнында бүгіндері 70 адам еңбек етеді. Жалақы мөлшері жоғары болғандықтан мамандар жетіспеушілігі сезілмейді. Мұнда негізінен жергілікті тұрғындар еңбек етуде, олар әлеуметтік қолдау­мен толықтай қамтамасыз етілген. Компанияның жетістіктеріне келер болсақ, 2022 жылы 25-160 кВА номи­налдағы 15 трансформаторлық қосалқы стансасын жеткізу конкур­сын­да жеңімпаз атанып, 2023-2024 жылдары 218 336 496 теңге бола­тын өнім өндірді. Компания сондай-ақ «Маңғыстау­мұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» ЖШС сияқты ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарға әлеуетті жеткізуші болып есептеледі және ERG құра­мындағы компаниялар тобының жеткізу­шілер тізіміне енген.
    Бұл компаниялар тобының тағы бір бағыты – Қазақстан аумағындағы ең ірі дезинфекциялау құралдарын, тұрмыстық және өнеркәсіптік химия, сондай-ақ парфюмериялық-косметикалық өнім­дер өндірумен айналысатын «Аврора» өндірістік кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
    Мұнда бүгінде 200-ден астам атауы бар өнімдер шығарылады. Өнімдер техникалық реттеу талаптарына, ҚР және ЕАЭО стандарттарына толық сәйкес. Яғни тауарлардың сапасы халықаралық талаптарға толықтай жауап береді.
    Кәсіпорын рецептураларды әзір­леуден бастап, қаптаманы өндіру, құю және таңбалауға дейінгі өндірістің толық циклын қамтамасыз етеді. Бүгіндері «Аврора» зауытында шығарылатын өнімдерді еліміздегі өнеркәсіп, тұрмыстық сала, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау мекемелері және қызмет көрсету саласы молынан пайдалануда. Сапа және қауіпсіздік мәселелеріне келер болсақ, мұндағы барлық өнімдер сертификатталған. Ұлттық стандарттар мен техникалық регламенттерге сай өндіріліп, көп деңгейлі сапа бақылауынан өтеді. Алматы қала­сында орналасқан компанияның логистикасы жақсы ұйымдастырылған, қалыптастырылған жүйе арқылы өнім бүкіл Қазақстан аумағына уақытылы жеткізіледі.
    – Біздің кәсіпорын еліміздегі өнеркәсіп орындары, тұрмыстық сала, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау мекемелері және қызмет көрсету саласына арналған дезинфек­циялау құралдарын, тұрмыс­тық және өнеркәсіптік химия, сондай-ақ парфюмериялық-косметикалық өнім­дер өндірумен айналысады, – дейді компанияның бас директоры Максим Яскель. – Өнімдерімізді еліміздің үлкен сауда орталықтарынан көруге болады және тұтынушылардың сұранысына ие болған деп айтуға толық негіз бар. 2010 жылдары дезинфекциялық сұйықтық­тар шығарудан бастап, бүгінде көптеген өнім өндіруді жолға қойғанбыз. Қазіргі таңда 150 адам еңбек етеді. Әзірге маман тапшылығын сезініп отырған жоқпыз.
    Максим Валерьивичтің айтуын­ша, өндірістің қуаттылығы әзірге Қазақстан нарығының 4-5 пайызын ғана қамтамасыз ете алады. Бұл салада Қазақстан үлесі бүгінде бар-жоғы 10 пайызды құрайды. Қалғаны толық­тай шетел кәсіпорындарына тиесілі. Сондықтан өндірісті кеңейте отырып, нарықтағы үлесін ұлғайту қажеттілігі туындап отыр.
    «Аврора Холдинг» компаниялар тобының тағы бір бағыты – «Аврора 77» зауыты блок-модульдік ғимараттар мен металл конструкцияларды жобалау және өндірумен айналысады. Өндірістік база Жамбыл ауданының орталығы – Ұзынағаш елдімекені аумағында орналасқан. Заманауи техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Өнім сапасының жоғары деңгейі, қазақстандық құрам үлесінің едәуір болуы оның артықшылығы деп айтуға болады.
    Қауіпсіздік органдары мен шекара қызметіне қажетті металл конструк­циялар мен бақылау мұнара­ларын (оқ өткізбейтін нұсқалары бар) жобалаумен, телекоммуникация саласына арналған антенна-мачталық құрылымдар, технологиялық контей­нерлер мен жабдықтарды орналас­тыруға арналған басқа да бұйымдар, әртүрлі салаға арналған блок-модуль­дік ғимараттар, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс нысандарына арналған металл конструкциялар өндірумен айналыса­тын кәсіпорынның өнімдеріне сұраныс жоғары екенін айта кету керек. Тау-кен өндірісіне арналған вахталық модульдік тұрақтардан бастап, бүгінде жақсарып келе жатқан жол бойындағы дәретханалар мен аялдамаларға дейін өндіретін компанияның мүмкіндігі кең екенін зауыт аумағын аралай жүріп көз жеткіздік. «Пепсикола» өндірісіне арналған ғимараттар мен Алматыдағы жасөспірімдерге арналған орыс театрын реконструкциялау да осы кәсіпорынға жүктеліпті.
    – Зауытта 47 адам тұрақты еңбек етеді, – дейді зауыт директоры Алитет Ахметов. – Жұмысшылардың жалақысы – 300 мыңнан жоғары. Олар­дың демалуына, тамақтануына, жуынуы­на қажетті жағдайдың барлығы жасалған.
    Қазақстандық өнімдермен жұмыс істейтін зауыт алдағы уақытта өндіріс аймағын кеңейтуді жоспарлап отыр. Ең заманауи технологиямен қамтамасыз етілген кәсіпорынның оған мүмкіндігі жететініне шек келтірмедік.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жасыл желекке оранады

    Жасыл желекке оранады

    1 year ago
    Өркенді өңір өрісі

    Өркенді өңір өрісі

    12 months ago
    Ауыл тұрғындары алаңдаулы

    Ауыл тұрғындары алаңдаулы

    1 year ago
    Министрлік Үлкен Алматы айналма автокөлік жолымен жүру бағасын ұсынды

    Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы таяуда пайдалануға беріледі

    2 years ago
    «Ділмәрлар» түсті сайысқа

    «Ділмәрлар» түсті сайысқа

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>