[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қазан 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ерлікпен пара-пар еңбек

    22.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік
    Ерлікпен пара-пар еңбек
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Алатау қаласында қоқыс полигонында орын алған ірі өрт өңір үшін үлкен сынақ болғаны белгілі. 34 гектар аумақты шарпыған алапат алау күндіз-түні еңбек еткен құтқарушылардың, өрт сөндірушілердің, медицина қызметкерлері мен еріктілердің жанкешті еңбегінің арқасында ауыздықталды. Осы орайда жан аямай, күш біріктіріп, апатты тоқтатуға атсалысқан азаматтар марапатталды. Ерекше қызмет иелерін құрметтеу мақсатында өткен жиында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің атынан өртті ауыздықтаған қызметкерлерге Алғыс хат табысталып, сый-сияпат көрсетілді.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Азаматтардың қауіпсіздігі – мемлекет­тің басты міндеті» дегеніндей, бұл оқыс оқиға ел бірлігінің, азаматтық жауапкершіліктің нақты көрінісін танытты. Өрт сөндіруге барлығы 1 415 қызметкер мен 507 техника тартылып, мамандар екі ауысымда күндіз-түні қызмет етті. Қауіпсіздік үшін барлық қатысушы бетперде, қолғап, санитарлық құрал-жабдықтармен толық қамтылды. Жергілікті кәсіпорындар азық-түлік, ауызсу және арнайы киімдер ұсынып, демеушілік көмек көрсетті.
    Айта кетерлігі, жалынды ауыздықтауда тек өңіріміздің ғана емес, өзге де облыс, қалалардың төтенше жағдайлар қызметкерлерінің үлесі зор болды. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің және құтқару қызметінің бригадалары, сондай-ақ Абай, Шымкент, Қарағанды, Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстарынан арнайы келген жасақтар қауіпті аумақты сөндіруде белсенді еңбек етті. Оларға 28237, 68303, 52859 әскери бөлімдерінің сарбаздары мен «Қазселденқорғау» мекемесінің Алматы қаласы және Алматы облысындағы бөлімшелері қосылды. Осындай ұйымшылдық пен ынтымақ апаттың таралуына тосқауыл болды.
    Салтанатты жиынды ашқан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Дәурен Оразбеков құтқарушылардың жанкештілігі мен табандылығын ерекше атап өтті.
    – Бұл тек жүктелген міндетті орындау емес, Отанға адал қызметтің үлгісі. Сіздердің еңбектеріңіз облыс үшін мақтаныш, – деді ол.
    Алматы облысы әкімінің атынан сөз алған облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Асқар Тойшыбеков те мамандардың батырлығын жоғары бағалады. Жалын маңайында қызмет еткен жандардың кәсіби шеберліктері мен жауапкершіліктерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмегенін айтып, өз алғысын жеткізді. Алатау қаласының әкімі Әркен Өтенов апатты ауыздықтауға көрші облыстар мен қалалардың, аудандардың да елеулі үлес қосқанын айтты.
    – Қиын шақта барлығымыз жұмыла еңбек еттік. Алдыңғы шепте тұрған өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерен еңбегінің арқасында халықтың қауіпсіздігі сақталды. Сондай-ақ көмек қолын созған облыс әкімдігіне, көрші аудандарға, кәсіпорындарға зор алғысымды білдіремін, – деді Алатау қаласының әкімі.
    Жиын соңында өртпен күресте ерекше көзге түскен азаматтар марапатталып, көпшілік алдында құрметтелді.
    Оқыс оқиғада күш біріктіргендер халықтың ынтымағы мен ұйымшылдығы сын сағатта да сынбайтынын дәлелдеді. Ел амандығы үшін жалынмен күрескен әрбір жанның табандылығы – жас ұрпаққа өнеге, елге сенім.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Аптаптағы арпалыс

    Ел шебінің ерлері

    8 months ago
    ЭНЕРГЕТИКА – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

    ЭНЕРГЕТИКА – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

    7 months ago
    Диплом кәсіби дағды көрсеткіші ме?

    Диплом кәсіби дағды көрсеткіші ме?

    2 years ago
    Репродуктивті денсаулық апталығы басталды

    Репродуктивті денсаулық апталығы басталды

    1 year ago
    Бірлігі бекем ауыл

    Бірлігі бекем ауыл

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>