⛅
21°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қыркүйек 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЭТНОМЕДИАЦИЯ – КЕЛІСІМ КЕПІЛІ

    13.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология
    ЭТНОМЕДИАЦИЯ  –  КЕЛІСІМ КЕПІЛІ
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Биыл құрылғанына 30 жыл толып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде тәуелсіздікті нығайтып, барлық этностың басын бір шаңырақ астына біріктіріп, бейбітшілік пен қоғамдық келісім бағытындағы мемлекеттік саясат­тың тірегі қызметін атқарып келеді. Осы уақыт ішінде татулық пен бірліктің мызғымас тұғырына айналған бірегей құрылым Қазақстанда тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Осы орайда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық татулық пен келісімді нығайтуға бір кісідей атсалысып қана қоймай, өңірдің өркендеуі үшін зор үлес қосқанын атап өткен жөн. Маңызды жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып жатқан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың бірі – медиация кеңесі.

    Облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты қоғамдық келісім және даму орталығындағы Мадина Надырбекқызы жетекшілік ететін медиативтік келісімді үйлестіру бөлімінің қоғамдағы әлеу­меттік жанжалдардың этносаралық қақтығысқа айналуына жол бермеу, этносаралық шиеленістің алдын алу, татуластыққа қол жеткізу мақсатында облыс көлемінде атқарып жатқан жұмысы өте ауқымды. Оған Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХА-ның XXXIII сессиясында сөйлеген сөзінде Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында этномедиация бағытын­да жұмыстардың жүйелі атқарылып жатқаны және олардың тәжірибесін еліміздің барлық өңіріне кеңінен тарату туралы айтқаны айқын дәлел болады. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес өткен жылдың аяғында Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы, Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномедиация кеңесінің төрағасы Жаңбырбай Матаев пен «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Аманкүл Жайылханова және «Достлуг» әзербайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі, этномедиатор Таги Тагиев Қонаев қаласына арнайы іссапармен келіп, тәжірибе алмасып қайтты. Этномедиацияны дамытудағы жинақтаған тәжірибені өзге өңірлермен бөлісу – Алматы облысы үшін зор мақтаныш.
    Бүгінде облыстық ҚХА-ның реестрін­де тіркелген 17 кәсіби, 24 қоғамдық этномедиатор, 29 этномәдени орталық пен медиация орталығында 18 медиативтік алаң бар. Қоғамдық келісім және даму орталығындағы медиативтік келісімді үйлестіру бөлімінің ұйымдас­тыруымен «Елдесу және татуласу» жобасы аясында этнос өкілдері ең көп шоғырланған Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Ұйғыр аудандарында және шалғай ауылдарда кездесулер, дөңгелек үстелдер, ашық дәрістер өтіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Іс-шаралардың мақсаты – этностардың бірлігі мен татулығы, табысты медиация кейстерін қалыптастыру және насихаттау. Өңірде этномедиация саласында мол тәжірибе жинақталған және осы бағытта түрлі этникалық топтар арасындағы өзара түсіністік пен татулықты қамтамасыз ету бағытында тиімді жобалар жүзеге асырылуда.
    Жыл басынан бері кездесулер, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, оқыту курстары өткізіліп, бейнеүзінділер түсірілді. Солардың бірқатарына тоқталсақ, Өтеген батыр ауылындағы Ардагерлер үйінде қоғамдық этномедиатор Мақсат Сейдалиев қабылдау күнін өткізді. ZOOM платформасы арқылы «Елдесу және татуласу» жобасы аясында этномедиация кеңесінің отырысы өтті. Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш медициналық колледжінде жастармен этносаралық қатынастар, келісім мен достықты нығайту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Қаскелең қаласындағы аудандық орта­лық кітапханада «Заң керуені» атты кездесу, Бақанас ауылында «Медиация – дауларды баламалы шешудің тиімді жолы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қонаев қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған этномедиация бағытын дамыту аясында кәсіби медиа­торларды 5 күндік оқыту курсы өтті. Бес күнге созылған курс барысында ҚХА жанындағы медиация кеңесінің төрағасы, кәсіби медиатор Шерзод Пулатов, ҚХА жанындағы медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Әсет Абжақов, психология ғылымдарының магистрі, тренер Гүлмира Нарбаева, медиатор, коуч, жаттықтырушы Резеда Баймұхаметова, психолог, медиатор Гүлжан Қажахметова сынды тәжірибелі спикерлер дәріс оқыды. Қатысушылар этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауда ерекше рөл атқаратын этномедиация саласы бойынша теориялық және практикалық білім алды. Сонымен бірге медиативтік дағдыларды меңгеріп, тиімді қарым-қатынас пен даулы жағдайларды мәдениетаралық негізде шешудің жолдарымен танысты. Сонымен қатар Қарасай, Жамбыл, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Талғар аудан­дарында «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Этномедиация – келісім аумағы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингті ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов пен практик-психолог, педагогика және психология ғылымдарының магистрі, ҚР ҰҚК аға оқытушысы Ақмарал Әбдікеева жүргізді.
    Этномедиация саласында медиа­торлар алдымен қақтығыстың себеп­тері мен ерекшеліктерін зерттеп, зерделеп екі тараптың да уәждерін тыңдап, қақтығыстың себебін анықтап, түсініспеушілікті бейбіт жолмен шешудің жолын табуы тиіс. Мұндай дау-жанжалды осындай жолмен реттеу этносаралық тұрақтылықты нығайта­тыны даусыз.
    Облыстағы медиация қызметі басқа да ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтаса жұмыс істеп жатыр. Мәселен, аналар кеңесі этномедиация үдерісіне белсенді түрде қатысу арқылы жастарды бір-бірін сыйлауға, әртүрлі мәдениеттерді құрметтеуге үйретуде. Мұның қоғамның татулық пен бейбітшілікке негізделуіне жол ашатыны анық.
    – Орын алған дауларды реттеуден оның алдын алу әлдеқайда тиімді екенін өмір дәлелдеп отыр. Сондықтан облыс көлемінде «Елдесу мен татуласу» жобасы аясында Ассамблея құрылымдарын тарта отырып, қоғамдық медиаторлардың қызметін жандандыру жұмысы жолға қойылды. Барлық ауданда қоғамдық медиаторлар сайланған. Ұйғыр ауданын­да аналар мен ақсақалдар кеңесі және этнос белсенділері қоғамдық медиа­торлар қызметін атқарады. Әсіресе аналарымызды этномедиация саласын­дағы қызметке тарту өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Бұл тұрғыда Ассамблея құрылымдарының ішінде аналар кеңесінің «Ана медиатор» жобасын атап өткім келеді. Осы орайда облыста этномәдени орталықтар жанында қандастар арасында құрылған аналар кеңестері этномедиацияға тартылуда, – деді Ұйғыр аудандық аналар кеңесінің төрағасы, кәсіби медиатор Гүлжахан Кәкішқызы.
    Кез келген тұрмыстық жанжал этно­саралық қақтығысқа оңай ұласуы мүмкін. Сондықтан медиация рәсімі дұрыс жүргізілсе, даудың да шешімі оңай табылады. Аналар кеңесінің тәжірибесі көрсеткендей, медиация рәсімін жүргізуді кәсіби медиатор ғана емес, этномәдени бірлестік төрағалары мен ақсақалдардың, қоғамдық ұйым жетекшілерінің меңгергені абзал. Сонда этномедиацияның арқасында жанжалдардың алды алынып, түрлі этнос өкілдері арасындағы қатынастар нығайып, бейбітшілік пен ынтымақтастық арта түсер еді.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Ақ кимешек көрінсе…

    Ақ кимешек көрінсе…

    7 months ago
    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    НДС 16% – оптимальный переходный шаг: эксперт о поправках в Налоговый кодекс

    5 months ago
    Әкім төтенше жағдай қызметкерлерін құттықтады

    Әкім төтенше жағдай қызметкерлерін құттықтады

    2 years ago
    Шаруашылығы шалқыған

    Шаруашылығы шалқыған

    7 months ago
    Тәжірибе алмасты

    Тәжірибе алмасты

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>