[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қазан 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Гипертензияны қалай емдейміз?

    11.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Гипертензияны қалай емдейміз?
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Артериялық гипертензия – әлем бойынша ең кең таралған жүрек-қантамыр ауруларының бірі. Бұл дерт қан қысымының үнемі жоғары көрсеткіште болуы арқылы сипатталады және адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

    Артериялық гипертен­зияның асқын­ған түрі инсультқа, миокард инфарктіне, жүрек пен бүйрек жеткіліксіздігіне, тіпті кенеттен болатын өлімге алып келуі мүм­кін. Бүгінгі таңда еліміз­де бұл аурумен күрес жүргізу денсау­лық сақтау саласы­ның басты бағыт­тарының бірі болып отыр. Жалпы тәжірибелі дәрігер ретінде күнделікті қабылдауыма келетін науқастардың басым бөлігінде қан қысымының тұрақсыздығы байқалады. Бұл, ең алдымен, дұрыс тамақтанбау, артық салмақ, физикалық белсен­діліктің аздығы, күйзеліс, темекі мен алкогольді шамадан тыс пайдалану секілді өмір салтына байланысты факторлардан туындайды.
    Гипертензияны дер кезінде анықтап, асқындырмай басқару үшін әр адам өзінің өмір салтына жауапкершілікпен қарап, алдын алу шараларын күнделікті әдетке айналдыруы қажет. Біріншіден, тағам тұзын азайту қажет. Тұздың шамадан тыс мөлшері ағзада сұйық­тықтың жиналуына әсер етіп, қан қысымын жоғарылатады. Екіншіден, көкөніс пен жеміс-жидекке бай, майы аз, теңгерімді тамақтану жүрек саулығына оң әсер етеді. Үшіншіден, тұрақты дене қозғалысы – жүрек пен қан тамырларын шынықтыратын ең қарапайым әрі тиімді жол. Күніне кемінде 30 минут белсенді қозғалыс жасау ұсынылады. Сонымен қатар артық салмақтан арылу, темекіден және алкогольден бас тарту, ұйқы режимін реттеу, күйзелісті басқару да гипертензияның алдын алуда маңызды рөл атқарады. Қан қысымын тұрақты түрде бақылап отыру аурудың алғашқы белгілерін дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе 40 жастан асқан азаматтар үшін қан қысымын үнемі өлшеп тұру әдетке айналуы керек.
    Медициналық тексерулерден уақытылы өтіп, дәрігердің кеңесіне құлақ асу – дерттің алдын алудың сенімді жолы. Артериялық гипертензия – бақылауға болатын ауру. Оны асқындырмаудың жолы өте қарапайым, бірақ тиімді күнделікті дағдыларды сақтау өте маңызды. Жүрек – біздің өміріміздің қозғаушы күші. Оның саулығы – ұзақ әрі сапалы өмірдің кепілі. Сондықтан әр азамат өз денсаулығына салғырт қарамай, алдын алу шараларын дер кезінде қолға алуы тиіс.

    Жібек ӘКІМЖАНОВА,
    Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының
    жалпы тәжірибелі дәрігері

    Ұсынымдар

    Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

    Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

    7 months ago
    Қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

    Қызылша емі – екпе

    2 years ago
    Қонаевта желкенді қайық спортынан Қазақстан кубогы басталды

    Қонаевта желкенді қайық спортынан Қазақстан кубогы басталды

    2 years ago
    «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды

    «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды

    5 months ago
    Сапалы жол – қауіпсіз сапар кепілі

    Сапалы жол – қауіпсіз сапар кепілі

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>