⛅
-4°C
Қонаев
Бейсенбі, Қараша 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ҚАРИЯЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

    13.09.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ҚАРИЯЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Қарасай аудандық ардагер­лер ұйымы кезекті жоспарлы жиынын өткізді. Шараға Қаскелең қаласы мен ауданға қарасты ауылдардың ақсақал­дары, Қарасай аудандық «Асыл ана» ұйымының өкілдері қатысты.

    Жиын шымылдығын кіріспе сөз сөйлеп ашқан Қарасай аудандық арда­герлер ұйымының төраға­сы Сағат Мәсімақынов қаралатын мәселелерге жан-жақты тоқталып, олардың әрқай­сысына кеңінен түсініктеме беріп шықты. Расында да, күн тәртібіндегі мәселелердің көтерер жүгі салмақты. Әсіресе, Қаскелең қаласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің жесірлеріне және тыл ардагерлері мен мүгедек зейнеткерлерге жасалып жатқан қамқорлықтың жайы қалай болып жатқанына ерекше мән берілді. Бұл жөнінде Қаскелең қалалық әкімдігінің бас маманы Динара Ақашова нақтылы деректер мен дәйектерге сүйене отырып, өз пікір-ұсынысын ортаға салды. Сондай-ақ, осынау бағытта орын алып отырған олқылықтар мен кездесіп келе жатқан кедергілерді де жасырып қалмады. Сонымен қатар Динара Шаймұханқызы көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беріп, қатысу­­шыларды риза етті.
    Қаскелең қаласында қазір 7792 зейнеткер тұрады. Оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерінің 7 жесірі, 116 тыл еңбеккері тіркелген. Сондай-ақ, осы санатта 95 жастан асқан 9 қария бар. Осыншама адамға тиісті қамқорлық жасау деңгейі ешқашан да назардан тыс қалған емес. Қаскелең қалалық әкімдігінің қатаң бақылауының арқасында оларға тұрақты түрде көмек көрсету мәселесі басты назардан түспейді. Сол сияқты есепте тұратын мүгедек зейнеткерлерге жасалып жатқан қамқорлық та талап деңгейінде екенін айта кеткен жөн. Оларға қажеттілігіне сай көрсетіліп жатқан әлеуметтік-тұрмыстық көмек ойдағыдай деуге болады.
    Жиында сөз алған Қарасай ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жауапты маманы Аңсар Мұхаметжанова жанға жағымды жаңалықтарымен жиналғандарды қуантып тастады. Оның сөзінше, Ұмтыл ауылында халықтың қажеттілігіне орай биыл ақпан айында жұмысын бастаған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының алғашқы қадамының өзі ауыз толтырып айтарлық деңгейде. Орталықтың негізгі мақсаты – үлкен жастағы азамат­тардың әлеуметтілік белсенділігін арттыру, денсау­лығын нығайту, мәдени және спорттық өмірге кеңінен араласуына мүмкіндік жасау. Аталған орталық бұл тұрғыдан алғанда көптің көңілінен шығарлық нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Мәселен, бүгінде орталыққа ауыл бойынша 100-ден астам адам тіркелген. Орталыққа тіркелгендердің жас шамасы 58 бен 85 аралығын құрайды. Бұларға орталықта 15 қызметкер қолұшын беріп, мінсіз қызмет көрсетіп тұруды өздерінің басты парызы санайды. Бір атап айтарлық жайт, орталыққа тіркелушілердің саны күн санап көбейе түсуде. Орталыққа сырт­тағы басқа ауылдардың да егде жастағы қариялары қызығу­шылық танытатын көрінеді. Тегін орталық қызметіне халық енді бара бастаған. Оның тигізер пайдасының көп екеніне де көздері жетуде.
    Жиында Қарасай аудандық «Алатау жастары» ұйымының төрағасы Жарқынай Сәдуова сөз сөйлеп, өңір жастарының бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстарының барысына егжей-тегжейлі тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, аудан жастары игі бастамалардың иегерлері болып келе жатыр. Оның бәрін тізбелеп айтып шығу мүмкін емес. Ең бастысы – жастар ұйымы кемел келешегіміздің тұтқасын ұстайтын тәрбиенің талбесігінде жүрген, аға ұрпақтың лайықты ізбасарлары болатын, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін серік еткен ұлағатты ұрпақ өсіп келе жатқанын айрықша атап өтті. Жалындап тұрған жастарға сенуге болатынына нақты мысалдар келтірді.
    Осыдан аз уақыт бұрын еліміз бойынша қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы, ақыл-ойдың алыбы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы аталып өткені белгілі. Осыған орай Елтай ауылдық округінде елдің есінде қаларлық игілікті іс-шараның өткені талайды таңдандырып тастады. Елтай ауылының ақсақалы Есен Сәлібеков осы шара туралы ой-толғамдарын ортаға салды. Абай өмірін бастан-аяқ бейнелейтін арнайы альбом жасалғанын көрсетіп, көпшіліктің көңілін көкке жеткізді. Сол сияқты Абайдың тойына ардагерлерді бастап барған Іргелі ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Егінбек Егеубеков сол тойдан алған әсерін майын тамызып тұрып әңгімелеп берді. Алып келген той альбомын ардагерлер ұйымына сыйға беріп, қуанышқа бөледі.
    Жиналыс арасында Қарасай аудандық ардагерлер ұйымының хатшысы болып ұзақ жыл жемісті еңбек етіп келе жатқан 85 жастағы Гүлжан Сопиева облыстық ардагер­лер ұйымы­ның ұйғарымымен «Алматы облысының Құрметті ардагері» медалімен марапатталды. Оны Қарасай аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сағат Мәсімақынов пен аудандық «Асыл ана» ұйымының төрағасы Ұлтай Барқынова салтанатты түрде табыс етті. Сөйтіп, ардагерлер жиыны қоғамымыздың қозғаушы күші екенін тағы да бір атқарып жатқан жұмыстарымен айғақтап тастады.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ,
    Қаскелең қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жол қауіпсіздігі: 620 дана белгі орнатылды

    Жол қауіпсіздігі: 620 дана белгі орнатылды

    11 months ago
    Назардан тыс қалмайды

    Назардан тыс қалмайды

    1 year ago
    «Масс-медиа туралы» Заң қабылданды

    Жас тілшілер мектебі қажет

    1 year ago
    Ворошилов су қоймасына Алматыдан көмекке құтқарушылар келді

    Ворошилов су қоймасына Алматыдан көмекке құтқарушылар келді

    2 years ago

    Мәңгі өшпейтін тағылым

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>