[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қазан 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мамандығымызды мақтан тұтамыз

    23.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Мамандығымызды мақтан тұтамыз
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Қазақстан Республикасында қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді. Бұл – адам өмірінің маңызды саласында еңбек етіп жүрген мамандардың жұмысына құрмет көрсету күні. Осы орайда әлеуметтік әділеттілік пен азаматтардың тең мүмкіндіктерге қол жеткізуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының қызметіне тоқталуды жөн көрдік.

    2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғыртудағы маңызды құжатқа айналды. Аталған кодекс шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының мәртебесі, құқықтары мен міндеттері алғаш рет нақты белгіленіп, жүйелі түрде бекітілді. Бұл – еліміздегі инклюзивті қоғам қалыптастыру және әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу жолындағы маңызды әрі тарихи қадам болды.
    Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары – бұл жай ғана шенеуніктер емес. Олар – мүгедектігі бар адамдардың, қарттардың, әлеуметтік тұрғыда қорғалуы қажет азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды миссияны атқаратын мамандар. Олардың басты міндеттері – арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын бақылау, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және инфрақұрылым нысандарын мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімдеу. Яғни бұл мамандық заңнамалық бақылаумен қатар, тікелей әлеуметтік өзгерістерге жол ашатын жауапты қызмет.
    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі 2016 жылы құрылғаннан бері Алматы облысы бойынша мыңдаған нысанда мониторинг жүргізіп, әлеуметтік қорғау саласында құқықбұзушылықтарды анықтады және кемшіліктер дер кезінде жойылды. Ал 2025 жылдың басынан 119 тексеру жұмысы жүргізіліп, оның ішінде профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексерулер және прокуратура ұсыныстары негізіндегі іс-шаралар атқарылды. Тексеру нәтижесінде 70 субъектіге ұйғарымдар енгізіліп, 53 әкімшілік іс қаралды. Жалпы салынған айыппұлдың көлемі 5 445 820 теңгені құрады.
    Бүгінде бөлім инспекторлары заңнамалық бақылаумен шектеліп қалмай, әлеуметтік теңдікке қол жеткізу мақсатында ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ауқымды үлес қосуда. Соның бірі – 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» жол картасы аясындағы инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жұмыстары. Мұндай шаралар мүгедектігі бар азаматтардың қоғам өміріне араласуына, кедергісіз ортада өмір сүруіне жол ашады.
    Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы болу – тек кәсіби білім мен тәжірибе ғана емес, сонымен қатар эмпатияны, адамгершілікті және әлеуметтік әділеттілікке деген сенімді талап етеді. Біздің ұжым үшін бұл – жай ғана жұмыс емес, қоғам алдындағы моральдық жауапкершілік. Себебі әрбір мүгедектігі бар адамның, көмекке мұқтаж азаматтың сапалы өмір сүру құқығы біздің күнделікті еңбегімізбен тығыз байланысты.
    Бақылау бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары өз қызметтері арқылы Алматы облысындағы мыңдаған адамның өміріне оң өзгеріс енгізіп, елге қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Сондықтан біз бұл мамандықты мақтан етеміз. Бұл – адал еңбек пен халыққа қызмет етудің шынайы көрінісі.

    Дәулет СЕҢГІРБАЕВ,
    ҚР ЕжХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
    реттеу және бақылау комитетінің
    Алматы облысы бойынша департаменті
    халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы, мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы

    Ұсынымдар

    Ассамблея — бірлік пен берекенің тұнық бұлағы

    Ассамблея — бірлік пен берекенің тұнық бұлағы

    1 year ago
    Адалдық – ең басты құндылық

    Адалдық – ең басты құндылық

    6 months ago
    Отанды сүю – тәрбиеден

    Отанды сүю – тәрбиеден

    2 years ago
    Үкімет: Шаруаларға арналған дизель отыны әзірге қымбаттамайды

    Көктемгі егіске дайындық жоғары

    2 years ago
    Алматы облысында «Qaisar» жобасы аясында 2 мыңға жуық оқушы әскери-патриоттық сынақтан өтті

    Алматы облысында «Qaisar» жобасы аясында 2 мыңға жуық оқушы әскери-патриоттық сынақтан өтті

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>