🌫️
2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Оқушыларды сергітеді

    16.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Оқушыларды сергітеді
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

        Бүгінде мектеп оқушыларының қимыл-қозғалысының аздығы байқалады. Сондықтан олардың білім деңгейімен қатар денсаулығына да көңіл бөлу маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, балалар мен жасөспірім­дердің 80 пайыздан астамы жеткілікті деңгейде дене белсен­ділігімен айналыспайды екен.

    Осы орайда ҚР Оқу-ағарту минис­трлігінің жаңа оқу жылында бекітілген дене шынықтыру жаттығу­ларының тұжырымдамасына сәйкес, 9 қыркүйектен бастап облыс көлеміндегі 442 жалпы білім беру мекемесінде әр аптаның сейсенбі күні таңертеңгілік дене шынықтыру жаттығулары енгізілді. Мақсаты – оқушылардың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту, оқу процесіне деген ынтасын арттыру және күнді белсенді әрі сергек бастауға жағдай жасау.
    Қонаев қалалық орта мектеп-гим­назия­сында алғашқы мәрте өткізілген салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ерекше шараның куәсі болдық. Мектеп директоры Гүлзат Ержанова Оқу-ағарту министрлігінің бұл бастамасының маңызына тоқтала келе, әр аптаның сейсенбі күні өтетін таңғы жаттығуға барлық оқушылар қатысатынын айтты. Жаттығуды бірінші сабақты беретін пән мұғалімдері өткізді.
    – Оқу күні барысында тұрақты түрде дене шынықтыру жаттығуын жасау білім алушылардың физикалық және эмоциялық жағдайын оңтайлы деңгейде ұстап тұруға ықпал етеді. Қан айналымын жақсартады, шаршауды азайтады, зейінді арттырып, оқу мотивациясын күшейтеді. Бұл тек денсаулықты нығайтуға ғана емес, мектепте сергектік, жігер және жағымды көңіл-күй атмосферасын қалыптастыруға көмектеседі. Жаттығу жас ерекшеліктеріне сәйкес бекітілген бейнематериалдар мен музыкалық сүйемелдеумен өткізіледі. Аталған тәжірибені енгізу өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуда және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруда маңызды қадам болмақ, – деді облыстық білім басқармасына қарасты дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Қайрат Берікболов.
    Іле ауданы Ж. Түймебаев ауылын­дағы №3 орта мектептегі таңғы сер­гіту жаттығуы джиу-джитсу және грэпплингтен әлемнің 11, Азияның 7 дүркін чемпионы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері Жібек Құлымбетовамен бірлесіп өткізілді. Оқушылар чемпионмен бірге жаттығу жасау арқылы спортқа деген қызығушылығын арттыра түскері анық.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Аманатқа қиянат жүрмейді

    Аманатқа қиянат жүрмейді

    2 years ago
    Рақмет саған, Салтанат!

    Рақмет саған, Салтанат!

    10 months ago
    Адам құқығының қорғаны

    Адам құқығының қорғаны

    1 year ago
    Әлеуметтік тапсырыс  жайы талқыланды

    Әлеуметтік тапсырыс жайы талқыланды

    7 months ago
    АЭС орны қалай таңдалады?

    АЭС орны қалай таңдалады?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>