[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Пациент құқығы. Азаматтар нені білуі тиіс?

    25.09.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Пациент құқығы. Азаматтар нені білуі тиіс?
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енген әрбір азамат сапалы медициналық көмекке қол жеткізуге құқылы. Осы тақырып төңірегінде Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз мәслихаты өтті.«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Жанар Кенжебаева мен халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бас сарапшысы Айғаным Санақбаева қатысты. Спикерлер медициналық көмек сапасына қатысты деректерді ұсынып, азаматтардың құқықтары туралы егжей-тегжейлі түсіндірме берді.

    Баспасөз жиынында ана мен баланы қорғауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі – прегравидарлық дайындық туралы айтылды. Бұл – жүктілікті жоспарлап отырған репродуктивтік жастағы әйелдер үшін ұсынылатын кешенді медициналық қызметтер пакеті.

    Әрбір репродуктивтік жастағы әйел прегравидарлық дайындықтан өте алады. Бұл — жүктілікке дейінгі кезеңде қажетті тексерулер мен алдын алу шараларын тегін өтуге мүмкіндік береді. Барлық қызметтер МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылады.

    Прегравидарлық дайындыққа мыналар кіреді: терапевт, акушер-гинеколог, тіс дәрігері, офтальмолог тексерістері;қан және зәр талдаулары; ЭКГ, УДЗ; инфекцияларға тестілеу; қажет болған жағдайда медико-генетикалық кеңес.

    Бұл шаралар болашақ ананың денсаулығын нығайтуға, жүктілік кезеңін қауіпсіз өткізуге және сау ұрпақ әкелуге ықпал етеді.

    Қоғамда кең талқыланатын мәселелердің бірі – қант диабетімен ауыратын азаматтардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі. Осыған байланысты Жанар Кенжебаева келесі мәліметті ұсынды:

    «Қант диабетімен ауыратын азаматтарға медициналық көмек пен дәрілік заттар бұрынғыдай толық көлемде және тегін ұсынылады. Ешқандай шектеу болмайды. 2026 жылдан бастап бұл қызметтер МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылатын болады», – деп нақтылады.

    Қор қызметіне немесе медициналық көмектің сапасына қатысты сұрақтар мен ұсыныстар болса, азаматтар келесі цифрлық платформалар арқылы өтініш білдіре алады:

    • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;

    • @SaqtandyryBot Telegram-боты;

    • Қордың ресми сайты — msqory.kz

    “Азаматтардың уақытылы әрі нақты өтініштері – әділ шешімдер қабылдауға ғана емес, жалпы денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға ықпал етеді. Қызмет көрсету сапасына қатысты кері байланыс – әрбір медициналық мекеме үшін маңызды көрсеткіш”, – деді Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бас сарапшысы Айғаным Санақбаева.

    Алматы облысында медициналық қызмет сапасын арттыруға, пациент құқықтарын қорғауға және медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Азаматтар өз құқықтарын біліп, туындаған мәселелер бойынша белсенді түрде әрекет етуі — денсаулық сақтау саласын жетілдірудегі маңызды факторлардың бірі.

    Ұсынымдар

    КЕТБҰҚАНЫҢ СОҢҒЫ ШАЙҚАСЫ

    КЕТБҰҚАНЫҢ СОҢҒЫ ШАЙҚАСЫ

    3 months ago
    Асауды ауыздықтаған

    Асауды ауыздықтаған

    5 months ago
    Ерлікпен пара-пар еңбек

    Ерлікпен пара-пар еңбек

    4 months ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян мәдени-гуманитарлық байланыстар туралы пікір алмасты

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян мәдени-гуманитарлық байланыстар туралы пікір алмасты

    2 months ago
    Көзбен көріп, көңілге түйді

    Көзбен көріп, көңілге түйді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>