[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қазан 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Пациент құқығы қорғалады

    27.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Пациент құқығы қорғалады
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Өңірлік коммуникация қызме­тін­де міндетті әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты баспа­сөз мәслихаты өтті. Онда «Әлеумет­тік медициналық сақтан­­дыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы директорының орын­басары Жанар Кенжебаева мен бас сарапшы Айғаным Санақбаева пациент құқығы туралы кеңінен баяндап берді.

    Бүгінде көптеген ауруханада пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі жұмыс істейді. Ол құрылым медициналық көмекті ұйымдастыру мен медициналық ұйымның клиникалық қызметіне талдау жүргізіп, медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандартының бұзылуын, медициналық жағдайлар немесе қызмет көрсету нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілерін анықтап, азаматтардың өтінішін қарайды. Айғаным Санақбаеваның айтуынша, аталған қызмет даулы жағдайды шешуге, пациенттің құқығын қорғауға, қажетті медициналық көмекті алуына жәрдемдеседі. Ондағы мамандар МӘМС жүйесі туралы кеңес беріп, дәрігер тағайындауына қатысты сұрақтарды түсіндіреді.
    Өз кезегінде сарапшы кез келген отандасымыздың пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне алатындығын жеткізді. «Медициналық ұйымның немесе қызметкерлердің жұмысына қанағаттанбасаңыз және басқа да мәселелер туындаса, көмекке жүгінуге болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды өз құқығын қорғауға шақырады. Өйткені бұл қызмет денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға да ықпал етеді. Алматы облысында қормен келісімшарт жасасқан 77 медициналық ұйым бар. Тек мемлекеттік қана емес, жекеменшік емханалар да пациенттерге қызмет көрсетіп келеді. 2025 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша облыста медициналық көмек алуға қатысты пациенттерден қорға СРМ жүйесі арқылы 2410 өтініш түсті, оның 1109-ы – шағым. Мұнымен қоса, бұл қатарда науқастардың дәрігерлерге алғысы да бар. Өңір тұрғындары негізінен емханалардағы медициналық қызметтің сапасына, консультациялық-диагностикалық қызметті ұзақ күту және стационардағы сапасыз медициналық көмекке қатысты шағымданады», – дейді Айғаным Санақбаева.
    Келесі кезекте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Жанар Кенжебаева ана мен баланы қорғауға бағытталған прегравидарлық дайындық туралы айтып берді. Оның сөзінше, прегравидарлық дайындық – әйелдің жүктілікке дейінгі немесе екі жүктілік арасындағы кезеңде денсаулығына бағытталған тиімді шаралардың толық кешені. Ананың қауіпсіз жүктілігін және дені сау баланың туылуын қамтамасыз етеді. Прегравидарлық дайындық жалпы практика дәрігерінің, тіс дәрігерінің, акушер-гинекологтың, офтальмологтың тексеруі мен қан талдауы сынды кешенді медициналық қызмет көрсетуді қамтиды.
    Баспасөз мәслихатында Жанар Кенжебаева қант диабетін емдеу Қазақстандағы барлық пациент үшін шектеусіз қолжетімді болып қала беретінін жеткізді. Бүгінде елімізде қант диабеті диагнозы қойылған диспансерлік есепте 535 мыңнан астам адам, оның ішінде 5 625 бала тұр. Олардың барлығы қажетті дәрі-дәрмекті тегін алады.
    – Келесі жылдың қаңтар айынан бастап қант диабеті кезінде дәрі-дәрмек­пен қамтамасыз ету МӘМС жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұрақты және уақытылы қаржыландыру­ды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,– деді Жанар Кенжебаева.

    Ерзат Асыл

    Ұсынымдар

    Министр: Балаларды вейп пен энергетикалық сусындардан тию керек

    Министр: Балаларды вейп пен энергетикалық сусындардан тию керек

    2 years ago
    Ауыл жұрты алаңдаулы

    Ауыл жұрты алаңдаулы

    8 months ago
    Еңбегі ел есінде

    Еңбегі ел есінде

    8 months ago
    Мектеп – мейірім мекені

    Мектеп – мейірім мекені

    1 year ago
    Еріктілердің еңбегі ерен

    Еріктілердің еңбегі ерен

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>