⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Ақпан 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Талғарлық дәрігерлер денесін ауыр күйік шалған науқастың өмірін сақтап қалды

    18.09.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Талғарлық дәрігерлер денесін ауыр күйік шалған науқастың өмірін сақтап қалды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем көлігімен 1980 жылы туған ер адам ауыр хәлде түскен. Анықталғандай, жалыннан науқастың денесінің үштен бір бөлігін күйік шалған. Беті, мойны, кеудесі, қолы мен аяғы күйіп, ауыр тыныстап, жоғарғы тыныс жолдары да зақымданған еді.
    Әр минут қымбат болды, аз ғана кідіріс өмірге қауіп төндіретін еді. Дәрігерлер науқасты қабылдап, бір секунд та жоғалтпай күресті бастап кетті. Мұндай сәтте адам тағдыры таразыға түседі, ал нәтижені тек кәсібилік, тәжірибе және команданың бірлігі өзгерте алады.
    Кәдімгі тұрмыстық күн ер адам үшін үлкен апатқа айналды: газ баллоны жарылып, оның өмірін бір сәтте «бұрын» және «кейін» деп екіге бөлді. Салдарынан беті, мойны, кеудесі, екі қолы мен аяғы күйіп, денесінің 35%-ы зақымданды. Бұған қоса, пациентке барожарақат және жоғарғы тыныс жолдарының күйігі диагнозы қойылды.
    Жағдайдың ауырлығын түсінген дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызды. Мұнда шұғыл шаралар жасалып, тынысы тұрақтандырылды, ауырсынуы басылды, қарқынды инфузиялық және уытсыздандыру терапиясы басталды. Дәл осы жерде уақыт ұтып, дәрігерлер ағзаның өмірлік маңызды функцияларын тұрақтандыра алды.
    Жағдайы жақсарған соң ол травматология бөліміне ауыстырылды. Мұнда емді бөлім меңгерушісі Талғат Аманбекұлының басшылығымен, травматолог Нұрлыбай Самат Қалдарбекұлы мен комбустиолог Бекмұратов Әлішер Яхяұлы жалғастырды. Сондай-ақ реаниматологтар да, бөлім меңгерушісі Ербол Әбілғазышлының жетекшілігімен, белсенді атсалысты.
    Емдеу хаттамаға сай жүргізілді:
    • ауырсынуды басу және инфузиялық уытсыздандыру терапиясы,
    • күйік беттерін реттеу,
    • антибиотиктер мен анальгетиктер тағайындау,
    • тұрақты бақылау және күтім,
    • тыныс алу функциясын қолдау және өмірлік көрсеткіштерді қадағалау,
    • қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруге көмек.

    Талғар ауруханасының медициналық персоналының бірлескен еңбегінің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясындағы қамқорлықтың арқасында науқас үш аптадан кейін қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.
    Бұл оқиға тағы бір рет өмірдің бір сәтте өзгеріп кетуі мүмкін екенін көрсетті. Қайғы-қасірет уақытты да, орынды да таңдамайды. Бірақ дәл осындай сәттерде жаныңда тез, анық әрі жүрекпен әрекет ете білетін адамдардың болуы аса маңызды.
    Талғар ауруханасының дәрігерлері медицинаның тек ғылым ғана емес, батылдық, жауапкершілік және кәсібіне адалдық екенін дәлелдеді. Олардың білімдері мен адамгершілік қамқорлығының арқасында ауыр күйік алған ер адам қалыпты өмірге қайта оралып, бүгінде отбасымен бірге. Мұның барлығы дәрігерлер командасының мүмкіндіктің шегінен де асқан еңбегінің нәтижесі.
    Бұл – медицинаның, кәсібиліктің және адам жүрегінің жеңісі.

    ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облыстық филиалы

    Ұсынымдар

    Бір шаңырақ астында

    Бір шаңырақ астында

    2 years ago
    Оқушылар ант қабылдады

    Оқушылар ант қабылдады

    2 months ago
    Медицина саласындағы палуан

    Медицина саласындағы палуан

    2 years ago
    Қонаевта ерекше балаларды мерекемен құттықтады

    Қонаевта ерекше балаларды мерекемен құттықтады

    3 years ago
    Алматы облысында «Дулат-Қонаев» теміржол желісі салынады

    Алматы облысында «Дулат-Қонаев» теміржол желісі салынады

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>