[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Туған жерін түлеткен

    16.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Туған жерін түлеткен
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

           Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылында Екінші дүние­жүзілік соғыс ардагері, облыстан шыққан білікті агроном, Еңбекшіқазақ ауданы­ның Құрметті азаматы Варис Абдуллаевтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.

    Дана халқымыз «Ауылына қарап, азаматын таны» дейді. Ауданның ауыл шаруашылығы саласына еңбегі сіңіп қана қоймай, бүгінде Шелек өңірінде жасыл желектің жайқалып өсуіне үлкен үлесін қосқан азаматтың бірі – Варис Абдуллаұлы. Ол кісінің бастамасымен қазіргі Қаратұрық, Ащысай, Достық, Лавар ауылдарының ішіне және егістіктегі ауыспалы егіс арасына түрлі ағаш көшеттері отырғызылған. «Жеміс-жидек пен әдемі гүлдерге ерекше қызығып, ден қойған агроном ауылдың ішін кезінде гүлзар баққа айналдырды», – дейді көзкөргендер.
    Варис Абдуллаұлы 1925 жылы бұрынғы Шарқожа ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын туған ауылында хатшы қызметінен бастайды. 1943 жылы әскер қатарына алынып, 368-атқыштар полкінің арнайы бөлімінде болады. Соғыстан кейін Шелек өңірінде темекі өсіруге арналған жер көлемі ұлғайып, жаңа шаруашылықтар құрыла бастайды. Сол кезде бұл салаға білімді мамандар ауадай қажет еді. Ресейдің Краснодар қаласындағы Кубань ауыл шаруашылығы техникумын бітіріп келген Варис Абдуллаев 1949-1950 жылдары Шелек пен Тескенсуда темекі өсіру және қабылдау жөніндегі алғашқы агроном болып жұмыс істейді. 1951 жылы Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын сырттай оқып бітіреді. Сол жылдан бастап құрметті зейнет демалысына дейін ауыл шаруашылығы саласында тер төккен Варис Абдуллаұлы талай жас маманға жол көрсетіп, тәлім-тәрбие берді. Өңірден еңбек үздіктері шығып, егіс өнімінің еселеп артуына үлес қосты. Жайқалып өскен егіс алқаптары мен бау-бақша өнімі туған жердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берді. Жолдар жасалып, әлеуметтік нысандар бой көтерді. Осындай игі істің қасында жүрген азаматын ауылдастары ерекше құрметпен еске алды.
    Жүз жылдық мерейтой Қаратұрық ауылындағы Мәдениет үйінің алдында Варис Абдуллаұлының ескерткішін және осы елдімекендегі еңбек ерлерінің құрмет тақтасын ашумен басталды. Сондай-ақ білікті агрономның өмір жолын баяндап, өңір тарихынан сыр шертер «Әл-Варис» кітабының да тұсауы кесілді.
    Іс-шараға арнайы келген облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын жеткізді. Еңбек ерінің көзін көрген ауыл ақсақалдары естеліктерімен бөлісіп, туған жерін түлетуге мол үлес қосқан азаматтың арда ісін кейінгі ұрпаққа үлгі етті. Еске алу кешіне жиналған жұртқа ас беріліп, ауыл жастары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Аманат хат табысталды

    Аманат хат табысталды

    6 months ago
    ЭТНОМЕДИАЦИЯ  –  КЕЛІСІМ КЕПІЛІ

    ЭТНОМЕДИАЦИЯ – КЕЛІСІМ КЕПІЛІ

    4 months ago
    Заңсыз отшашу — өртке себеп болмасын

    Заңсыз отшашу — өртке себеп болмасын

    2 years ago
    Өнерімен тәнті етті

    Өнерімен тәнті етті

    2 years ago
    Қоғамдық көлікте қауіпсіздік күшейтілмек

    Қоғамдық көлікте қауіпсіздік күшейтілмек

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>