Бүгін Мелекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Аталған жолдаудың маңызды бір бөлегінде ел Президенті жергілікті атқарушы органдардың әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болатын айтты.
Мемлекет басшысы шілде айында туристік жерлердің барлығын ретке келтіру туралы тапсырма берген еді. Сол кезде Мемлекет басшысы айқындап берген саланы дамыту жөніндегі басымдықтарға сәйкес, «AMANAT» партиясы еліміздің негізгі табиғи ландшафттарын қамтитын ұлттық туристік соқпақтар жүйесі – «Алатау аманаты» жобасын іске қосқан болатын.
Бүгінгі Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев міндеттердің ара-жігін ажыратып, жергілікті атқарушы органдардың әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болатынын еске салды. «Осы орайда, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тау туризмі мен тау шаңғысы туризміне арнайы тоқталғым келеді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы ең өзекті мәселе – заманауи инфрақұрылым салу. Егер осы міндетті ойдағыдай орындасақ, еліміздің курорттары жер жүзіне танылып, Қазақстанның бетке ұстар ұлттық бренді болмақ», – деді Мемлекет басшысы.
Бүгінде «Алатау аманаты» жобасын негізінде туристік соқпақтарды құқықтық тұрғыда реттейтін база құрылып, сондай-ақ оларды жобалау мен абаттандырудың бірыңғай ережелері әзірленеді. Болашақта шытырман оқиғаға толы туризмді дамытудың осы тәсілін ел аумағында кеңінен қолдану жоспарлануда. Бүгінің ел Президентінің пәрмені игі бастаманың жүзеге асуына тың серпін береді деген ойдамын. Өйткені ел азаматтары Президент Жолдауының маңызын ұғына отырып, ондағы тапсырмалардың жүйелі түрде іске асуына жұмыла төр төгуі тиіс.
Бағдат РАХИМОВ,
«AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ
аудандық филиалының төрғасы