⛅
2°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖОЛ АШҚАН

    06.09.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖОЛ АШҚАН
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қонаев қаласы мен Арна ауылының жұртшылығына жақсы таныс бір есім бар. Ол – Қуаныш Патшабай. Жетісу облысына қарасты Кербұлақ ауданының Қарашоқы ауылында туып-өскен ол бүгінде жеке кәсіпкер ғана емес, мұқтаж жандардың шынайы қамқоршысы. Ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген азамат ретінде ол жұртшылықтың шексіз алғысына бөленіп отыр.

    Қуаныш Әбілмәжінұлы жыл сайын республикалық «Мектепке жол» акциясына белсене қатысып, облыс орталығындағы мұқтаж отбасыларды, сонымен қатар Қонаевқа жақын орналасқан ауылдардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларын мектепке дайындауға көмек көрсетеді. Оқушыларға оқу құралдарын, мектеп формасын, спорт киімдерін алып беріп, балалардың қуанышы мен сенімін арттырып, олардың сапалы білім алуына жол ашады. Мәселен, Арна ауылындағы №11 орта мектеп директоры Айбар Тұрарұлы ұжым атынан кәсіпкерге ризашылығын білдіріп: «Сіздің демеушілігіңіз тек материалдық көмек қана емес, бізге үлкен жігер береді. Осындай игі бастамалар әр баланың болашағына бағытталған шынайы қамқорлықтың көрінісі», – деп жүрекжарды лебізін жеткізіп, Алғыс хат табыс етті.
    Халқымыздың «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шықсын?» деген дана сөзі бар. Бүгінде осы сөздің нақты үлгісін Қуаныш Әбілмәжінұлының еңбегінен көруге болады. Ол – тек демеуші ғана емес, ұрпаққа үлгі, елінің адал ұлы. Өзі де көпбалалы әке. Мұндай азаматтардың арқасында «Мектепке жол» акциясы жыл сайын көптеген оқушының жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауына мүмкіндік беріп келеді. Бұл – ел болашағы саналатын жас буынға жасалған ең үлкен инвестиция.
    Осындай қайырымды жандардың қамқорлығы болашаққа деген сенімді күшейтеді. Өскелең ұрпақтың жанарына қуаныш ұялатып, білім жолындағы талпынысын арттыру – тек бір отбасының емес, бүтін бір ұлттың болашағына қосылған үлес. Қуаныш Әбілмәжінұлының ерен еңбегі мен елге деген шексіз махаббаты – адамдық пен азаматтықтың биік үлгісі. Мұндай азаматтары бар ел ешқашан еңсесін түсірмейтіні анық. Қуаныштай елжанды ерлеріміз аман болсын, қайырлы істері көбейе берсін!

    Айна МҰҚАНОВА

    Ұсынымдар

    Алматы облысында мемлекеттік аудит нәтижесінде 62,7 млрд теңге бюджетке қайтарылды

    Алматы облысында мемлекеттік аудит нәтижесінде 62,7 млрд теңге бюджетке қайтарылды

    1 month ago
    Әкім: Бұл сайлау жаңа буынның қалыптасуына себеп болады

    Әкім: Бұл сайлау жаңа буынның қалыптасуына себеп болады

    3 years ago
    Қонаев қаласының облыс орталығына айналғанына жыл толды

    Қонаев қаласының облыс орталығына айналғанына жыл толды

    3 years ago
    Алматы облысында МӘМС-тен бөлінген 2.1 млрд теңге жымқырылған – Агенттік

    Алматы облысында МӘМС-тен бөлінген 2.1 млрд теңге жымқырылған – Агенттік

    2 years ago
    Асқақ арман

    Асқақ арман

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>