Бүгінгі халыққа арнаған Жолдауында, Алатау қаласы туралы Президентіміз ерекше тоқталып өтті. Біздің жаңа қалаымыз – болашақтың қаласы болып дамитын болды. Мені тағы да бір алаңдатқаны – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде екінші, тіпті үшінші атом электр станциясының құрылысын қазірден бастап жоспарлай беру керек екенін айтты.
“Қазір біз қуат көздерін жан-жақты жаңғыртып жатырмыз. Шетел инвесторларының қатысуымен ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мысалы алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын “жасыл” энергия нысандарын іске қосу жоспарланған. Бұл қадам еліміздегі жасыл энергияның үлесін едәуір арттырады.
Бірақ Қазақстанның түпкі мақсаты – қуат көздерін өзгерту емес. Бұл – ең алдымен еліміздің энергия жүйесінің нақты мүмкіндігі мен мемлекетіміздің ұзақмерзімді мүдделеріне негізделген тұрақты даму жолы.
Осы орайда ядролық энергетиканы дамытуға бет бұруымыздың мән-маңызы айрықша. Бір ай бұрын Алматы облысында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына қатысты жоба “Росатоммен” бірге жүзеге асырыла бастады. Бірақ экономиканы тұрақты дамыту үшін бұл жеткіліксіз. Екінші, тіпті үшінші атом электр станциясының құрылысын қазірден бастап жоспарлай беруіміз керек – деп айтылды.
Жасыл энергияны дамытуға қарсылығым жоқ. Президентіміздің аса жауапкершілікпен осы жұмысты атқарып, бақылап, өз қарауында екені сөзсіз. Жаңа қалаға жасыл энергия көзі керек-ақ. Президентіміздің бір емес бірнеше атом электр станциясын салыну жоспарына қосыламын.
Нұрхайын Мұхиддинов,
Алматы облысы, Алатау қаласының тұрғыны, Чернобыль апатының ардагері
 
			 
							



