⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Қараша 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа оқу жылына дайындық: Алматы облысында білім беру саласы жүйелі жаңғыртылуда

    02.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Жаңа оқу жылына дайындық: Алматы облысында білім беру саласы жүйелі жаңғыртылуда
    0
    SHARES
    17
    VIEWS

    *Жаңа оқу жылына дайындық: Алматы облысында білім беру саласы жүйелі жаңғыртылуда*

    2025–2026 оқу жылы қарсаңында Алматы облысында білім беру жүйесін дамыту бағытында ауқымды және жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Әтенбекова мәлімдеді.

    _Биыл жаңа оқу жылына ерекше дайындықпен кірісіп отырмыз. Басты назар – қауіпсіздік, инфрақұрылымды жаңарту және балаларды әлеуметтік қолдау, – деді спикер._

    Облыста «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 26 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Іле ауданында 3 мектеп бой көтеруде.

    – 2026 жылдың 1 қаңтарына қарай үш ауысымды мектептер саны 30-дан 14-ке дейін қысқарады. 2025 жылы пайдалануға берілетін жаңа мектептерге 14 155 оқушы және 1 984 педагог қабылданады деп жоспарлануда, – деді Ақмарал Әтенбекова.

    2025–2026 оқу жылында Алматы облысы бойынша жалпы 362 мың оқушы білім алады. Оның ішінде 1-сыныпқа 34 509 баланы қабылдау жоспарланған. Қазіргі таңда өтініштердің 97 пайызы қабылданды.

    Әлеуметтік қолдау аясында 57 мыңнан астам оқушы мектеп формасы және оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 1–4 сынып оқушылары мен әлеуметтік осал санаттағы балаларды қосқанда, 176 мың оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл ретте Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп ас мәзірі әзірленуде.

    Айта кетейік, елді мекендерде тұратын балалар үшін тасымал ұйымдастырылған. Қазіргі таңда 35 мың бала мектепке тасымалдануда, 254 автобус қызмет көрсетуде.

    Жаңа оқу жылына дайындық  Алматы облысында кешенді әрі жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл шаралардың барлығы – жас ұрпақтың сапалы білім алуына, қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуіне бағытталған маңызды қадамдар.

    Ұсынымдар

    Жылжымалы кешеннің көмегі зор

    Жылжымалы кешеннің көмегі зор

    5 months ago
    Oceanman Қонаевта ашық суда жүзуден ірі халықаралық турнир өтті

    Oceanman Қонаевта ашық суда жүзуден ірі халықаралық турнир өтті

    4 months ago
    Тұғыры биік тұлға

    Тұғыры биік тұлға

    5 months ago
    Татулық тірегіміз!

    Татулық тірегіміз!

    6 months ago
    Жауапсыз іске жол берілмейді

    Жауапсыз іске жол берілмейді

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>