-13 °c
Qonaev
Wednesday, September 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жана заңның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздік

    02.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Жана заңның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздік
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

           2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысы бірқатар нормативтік актілерге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Соның ішінде «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға енгізілген жаңа түзету қоғамда үлкен қызығушылық тудырды. Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әбдінұр Тасыбаев жаңа нормалардың мәні мен мақсатын түсіндіріп берді. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары алдымен халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұл өзгерістің қоғамдық мүддеге сай екенін жеткізбек. Полицияның басты ұстанымы – тұрғындармен сенімді қарым-қатынас орнатып, қауіпсіз ортаны қалыптастыру.

     Жаңа талаптың негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейнебақылау жүйелері арқылы тұлғаны тануды жеңілдету. Бұл өзгеріс құқық қорғау органдары үшін қылмыстың алдын алуда және қылмыскерлерді анықтауда тиімді құрал болмақ. Алайда, заңда бұл талаптан тыс жағдайлар нақты көрсетілген. Медициналық қажеттілік туындағанда, қолайсыз ауа райында (мысалы, шаңды боран, қатты суық), сондай-ақ қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау кезінде бетті жабуға рұқсат етіледі. Бұл, әсіресе, құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет мамандарына қатысты.

     Сонымен қатар, діни сенімге байланысты киілетін хиджаб, шейла, химар сияқты бет-әлпетті жаппайтын бас киімдерге бұл шектеу қолданылмайды. Бұл норма діни еркіндікке нұқсан келтірмей, тек қауіпсіздікке қатысты мәселелерді реттеуге бағытталған. Заңда бұл ереже профилактикалық сипатқа ие деп көрсетілген. Яғни, бастапқыда басты назар түсіндіру жұмыстарына аударылады. Әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолдану көзделмеген, заңнаманың өзге баптарына өзгерістер енгізілмейді.

    Ұсынымдар

    Әкім: Жерді пайдалануда салық салудың жаңа режимін енгізу қажет

    Әкім: Жерді пайдалануда салық салудың жаңа режимін енгізу қажет

    3 years ago
    Талғардағы қайғылы оқиғаны тергеу барысынан хабардар етті

    Талғардағы қайғылы оқиғаны тергеу барысынан хабардар етті

    11 months ago
    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    9 months ago
    Қонаев қаласының облыс орталығына айналғанына жыл толды

    Қонаев қаласының облыс орталығына айналғанына жыл толды

    2 years ago
    “Қолжетімді интернет” Ұлттық жобасына 560 млрд теңге бөлінбек

    “Қолжетімді интернет” Ұлттық жобасына 560 млрд теңге бөлінбек

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>