⛅
-5°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жарты ғасырлық жарасым

    27.09.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жарты ғасырлық жарасым
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Бүгінгі кейіпкеріміз Юра ағайдан: «Неге осы елде тұруды қаладыңыз?» – деп сұрадым. Өйткені ол кісі Ташкентте туып-өскен. Кейін Қазақстанға көшіп келген. Сонда ол: «Мені қызықтырғаны – қазақтың кең даласы. Тынысыңды ашады, еркіндікті сезінесің. Әрі халқы – өте қарапайым, қонақжай. Менің ұрпақ жайып, өніп-өсуімнің өзі бірінші Жаратушымыздың құзыретінде болса, екінші осы қазақ елінің жайлылығында», – деп жауап берген еді.

    Осы жерде үйленіп, шаңырақ көтерді. Бүкіл ғұмырын агроном болып, егістік алқабында өткізді.
    Біз жолыққан сайын Юра ағаймен отбасы, ошақ қасы жайлы әңгімелесеміз. Қазақ халқы үшін отбасы – қастерлі құндылық, шаңырақ қасиетті ұғым екенін ол кісі жақсы біледі. Әрбір әулеттің тарихы, отбасының бақыты шаңырақтан бастау алады. Қазақ халқында «Қырық жыл – қырық қазына» деген сөз бар. Ал елу жылдық отбасылық өмірді алтын қазынаға теңесек болады. Юра ағамыз зайыбы Клара апаймен жарты ғасыр бойы қол ұстасып, өмірдің барлық сынағын бірге көтеріп келеді. Оған тек махаббат пен сыйластықтың, сабыр мен төзімнің арқасында ғана қол жеткізді деуге болады. Елу жыл аз уақыт емес. Бұл – бірге өткен жастықтың жалынды күндері, өмірдің тәтті сәттері мен сынақтары, бала тәрбиесі, немере қызығы, отбасы сыйластығы. Бір шаңырақ астындағы тыныштық пен береке – сол ерлі-зайыптылардың жүрек жылуы мен даналығының көрінісі, сыйластық пен мейірімнің жемісі. Бүгінгі біздің кейіпкерлеріміз – Әли ауылының тұрғындары Юрий Магай мен Клара Ким, міне сондай үлгілі шаңырақ иелері. Юра ағамыз – 50 жылдық еңбек жолында ауыл шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосқан жан. Ол агроном бола жүріп, елдің ырысы еселеніп, алар өнімнің мол болуына қызмет етті. Оның маңдай терімен өсірген бау-бақша, егіндерінің өзі өзгелердікінен ерекше жайқалып тұрады. Юра ағаның аграном ретінде жасаған жұмысы халықтың ырысы болса, ал еңбегі – ел тарихының бір парағы. Ауылдың алтын шаңырақ иелері 54 жыл бойы бірліктің туын биік көтеріп, ұрпаққа үлгі болып, немере-шөбере сүйіп, еңбектенуден талмай келеді. Олардың алтын шаңырағы тек өздеріне ғана емес, бүкіл ауылға жылы шуағын шашуда. Осындай үлгі тұтар шаңырақтарымыздан жас отбасылар үлгі алып, өнегелі жолын жалғаса, ел іргесі берік, жас ұрпақтың болашағы жарқын болары хақ.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Сала мамандарына құрмет

    Сала мамандарына құрмет

    3 months ago
    Жалпыұлттық диалогтың айқын көрінісі

    Жалпыұлттық диалогтың айқын көрінісі

    1 year ago
    Жағажайға жан кіреді

    Жағажайға жан кіреді

    7 months ago
    Құны 17 млрд доллардан асатын келісімдер және кеңейтілген стратегиялық серіктестік:  Тоқаев пен Трамптың Ақ үйдегі кездесуінің нәтижелері

    Құны 17 млрд доллардан асатын келісімдер және кеңейтілген стратегиялық серіктестік:  Тоқаев пен Трамптың Ақ үйдегі кездесуінің нәтижелері

    3 months ago
    Татулық тірегі

    Татулық тірегі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>