Бүгін Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауын жолдады.Биылғы Жолдау елімізді экономикалық жағынан дамытуға басымдық берген екен. Әсіресе инвестиция тарту, ауылшаруашылығы саласын дамыту мәселелері басты назарда болды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанда жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғырту қажет дегенді екшеп айтты. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру салық саласына дендеп енуі қажеттігін де сөз етті.
«Біз азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру ісінде зор жетістікке жеттік. Бірақ бюрократиялық рәсімдер әлі күнге дейін бизнеске кедергі болып отыр. Цифрландыру ісінің мақсаты әлі орындалған жоқ. Бұл ахуалды шұғыл түзеу керек. Ең алдымен, салықтық әкімшілендіруге назар аудару қажет. Мемлекеттік кірістер комитеті цифрландыру үдерісі бойынша мемлекеттік органдар арасында көш бастауға тиіс.
Бұл мекеме жасанды интеллектінің және басқа да озық технологияның әлеуетін салық төлеушілердің мүддесіне сай тиімді қолдануы керек. Осы жүйелі қадамның бәрі мемлекет пен бизнестің арасындағы қарым-қатынастың мүлдем жаңа, сервистік үлгісін жасауға арналған», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Расымен, салық жүйесін циыфрландырудың оң нәтиже берері бүгіннен-ақ анық болып тұр. Атап айтсақ, кірістер органдарының қызметінде жүргізіліп жатқан цифрландыру тек 2025 жылдың 8 айының қорытындысымен республикалық бюджетке ауданымыз беретін салықтар мен төлемдерден 137 млн теңге, жергілікті бюджетке 210 млн теңге қосымша салықтың түсуін қамтамасыз етті. Болашақта Жолдауда Мемлекеттік кірістер комитетіне берілген тапсырма яғни салықтар мен міндетті төлемдерді есептеуге және олардың дұрыстығын талдау жүргізуге жасанды интелектіні енгізу салық төлеуден жалтарудың жолын кесуге, бюджетті оңтайлы толтыруға жол ашады деген сенім мол.
Нұртас Хасенов,
Ұйғыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы




