☀️
2°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жігері мықты, рухы асқақ

    27.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жігері мықты, рухы асқақ
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

        Болгарияның Албена қаласында параармрестлингтен өткен әлем чемпионатында Қарасай ауданының спортшылары үш алтын мен төрт күміс медаль иеленіп, ел абыройын асқақтатты.

    «Жігер-М» мүмкіндігі шектеулі спортшылар федерациясының жетекшісі Тәжіғали Хожамұратовтың айтуынша, аталған чемпионатқа 30 мемлекеттен спортшылар қатысқан. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Украина командасы жеңіп алса, Қазақстан екінші орыннан көрінді. Жарысқа Алматы облысынан 11 спортшы қатысса, олардың жетеуі – Қарасай ауданынан.
    «Азамат Нұрәлиев 85 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үшінші мәрте әлем чемпионы атанды. Бұған дейін ол Анталия және Алматыда өткен әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен. Ол 1988 жылы дүниеге келген. Бір кездері Қаскелеңде газ шаруашылығында жұмыс істеген. Сол жерде болған жарылыстан кейін екі аяғынан айырылып, сол қолының бірнеше саусағы да жарақаттанған. Бұл оқиғадан кейін оған бірінші топтағы мүгедектік беріледі. Дегенмен Азамат мойымады, армрестлингпен айналысып, бүгінде ел намысын әлемдік аренада қорғап жүр.
    Кәмила Жанәділова да – үш дүркін әлем чемпионы. Оның салмақ дәрежесі 65 келіге дейін. Бұған дейін Алматы мен Кишинев қаласында өткен чемпионаттарда топ жарған. Кәмила 1991 жылы туған. Жол апатынан кейін сол қолынан айырылған. Қазіргі таңда Шамалған ауылындағы мектептердің бірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Бос уақытында оң қолын жаттықтырып, армрестлингпен шұғылданады.
    Марал Борантаева 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Бұл – оның екінші чемпиондық титулы. Болгариядағы чемпионатта ол бірден екі медаль жеңіп алды: алтын – оң қолмен күресте, күміс – сол қолмен өткен кездесуде. Команда қоржынына күміс медаль салған спортшылар – Жұлдыз Бұхарбаева, Балғын Тергеусізова және Айдана Ермекбаева.
    Өткенге көз жүгіртсем, пара­лимпиадалық команданы құрып, осындай жандарды ортаға тартқаныма қатты қуанамын. Бүгінде олар Қазақстанды әлемге танытып жүр. Әрқайсысына мықты рух, жарқын жеңіс пен сәттілік тілеймін. Себебі ерекше жандар үшін өмірдің өзі – үлкен жеңіс, шексіз бақыт», – дейді

    Тәжіғали Әбдіжәмілұлы.
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Тәртіп – тәрбие бастауы

    Тәртіп – тәрбие бастауы

    3 days ago
    Қонаев аспанын күй тербеді

    Қонаев аспанын күй тербеді

    2 years ago
    Газдандыру қарқын алады

    Алматы облысында отандық өндірушілерді қолдау қалай жүзеге асып жатыр?

    12 months ago
    Сандуғаштың сән салоны

    Сандуғаштың сән салоны

    2 years ago
    Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі – Динара Закиева

    Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі – Динара Закиева

    2 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>