⛅
-6°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жолдау жақсылыққа бастайды

    09.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдау, Лебіз
    Жолдау жақсылыққа бастайды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Қазіргі заман талабына сай, дүние жүзінде жасанды интелект өте жақсы дамып жатыр. Соны бақылауға алып, жеке министрлік құратыны дұрыс болды. Білім саласында, мектеп бағдарламасына енгізу керек деп отыр. Балаларымыз жасанды интелектіні игеретін болса, техниканы меңгереді. ЖОО-да жасанды интелектімен жақсы айналысатын студенттерге басымдық беріп, дайындықтан өткен студенттерді дайындауды тапсырды.

    Бұрыннан айтылып келе жатқан екі палаталы Парламенттің бір палаталыға көшетіні дұрыс болды. Оны бір жылға дейін халықтың талқылауына шығарып отыр. Референдум өткізіп, қорытындысы бойынша халық қолдайтын болса, онда Сенат қысқарады. Ол Дүниежүзінде көп тараған тәсіл, көп мемлекеттерде бір палаталы парламент. Депутаттардың санын қысқартса, біраз ақша үнемделеді. Заңдардың сапалы болып шығуына мән беріледі деген сөз.

    Ауыл шаруашылығы бойынша өндіріс, қайта өңдеу орындарын тездетіп ашу керек деп жатыр. Ауылдарға ең керегі сол ғой. Тері, жүн өңдейтін орындар, сүт зауыттарын ашу, мал бордақылайтын алаңдарды салып беруге үкімет көмектессе, шаруаға олда тиімді болар еді. Биыл ауыл шаруашылығына 1 трлн теңге бөлініп отыр, ол да қомақты қаржы. Оның бәрін дұрыстап жаратса, осы жағын Жолдауда баса айтты. Өндірісті дамытуға қатты көңіл бөліп жатыр. Леспелі газдарды ең соңына дейін тазалап жаратуды, соған арнайы зауыт салуды тапсырды. Ол да үлкен дүние. Қазір, көп жерлерде газ құр текке жанып жатыр. Сол жанып жатқан газдың энергиясын игілігімізге пайдаланайық деп тапсырма берді. Міне, Жолдауда осы мәселелер қатты ұнады. Жастардың тәрбиесі, діни экстремизм, десструктивті ағымдарға кетіп жатқан жастар туралы қиналысын жеткізді. Сондықтан, сол салада тәрбие жұмысын күшейтуді тапсырып жатыр.

    Жоғарыда аталған мәселенің барлығы жақсылыққа бастайды, біздің елімізді дамытады деп ойлаймын.

     

    Нұрлыбай Көпжасар Тоқтамбекұлы,

    Кеген аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы

    Ұсынымдар

    Қонаевта бірнеше көше күрделі жөндеуден өтеді

    Қонаевта бірнеше көше күрделі жөндеуден өтеді

    2 years ago
    Офицердің ерлігі

    Офицердің ерлігі

    2 years ago
    300-ден астам саяжай алабы елді мекенге қосылады

    300-ден астам саяжай алабы елді мекенге қосылады

    2 years ago
    Заречный тұрғындары ауылдық округ әкімін сайлады

    Заречный тұрғындары ауылдық округ әкімін сайлады

    3 years ago
    Алматы облысында «Әйел аманаты» атты кәсіпкер әйелдердің кездесуі өтті

    Алматы облысында «Әйел аманаты» атты кәсіпкер әйелдердің кездесуі өтті

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>