⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Ақпан 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жолдау жаңа міндет жүктейді

    10.09.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жолдау жаңа міндет жүктейді
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

         Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалар мен департамент басшылары, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Ал аудан әкімдері мен қоғам белсенділері бейнебайланыс арқылы қосылды.

    Кеңестің күн тәртібінде Жолдауда көтерілген жеті негізгі бағыт – инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, көлік-логистика әлеуетін арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру, шағын және орта бизнесті қолдау, адам капиталын дамыту мәселелері жан-жақты қаралды.
    Жиынды ашқан Марат Елеусізұлы Мемлекет басшысы айқындаған негізгі басымдықтар – өңірдің тұрақты өсімі, инвестициялық тартымдылықты арттыру, ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларды енгізу, энергетикалық қауіпсіздік, туризмді дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсу және газбен қамту, сондай-ақ цифрлық шешімдерді жүйелеу екенін ерекше атап өтті.
    Алғашқы болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев жолдауда қойылған басты міндеттерді атап өтті. Ол инвестициялық тартымдылық индексін енгізудің маңызын әңгімелеп, арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыруды, квазимемлекеттік секторды қайта құрылымдауды бірінші кезектегі міндеттердің қатарына жатқызды. Одан ары қарайғы сөзінде агроөнеркәсіптік кешенде жаңа технологияларды кеңінен пайдалану қажеттігін айтты. Сондай-ақ басты мақсат Жолдаудағы әр тапсырманың орындалу механизмін айқындап, нақты нәтижеге қол жеткізу екенін алға тартты. Келесі сөз кезегін алған облыстық мәслихаттың депутаты, «Ауыл» партиясының өңірлік филиалының төрағасы Қанат Бекиев агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы жаңа қадамдарды атап өтті. Ол су үнемдеу технологияларын енгізу, дрон және спутниктік мониторинг арқылы егістік алқаптарын басқару, ветеринария саласын жаңғырту бағытында атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Жайылым тапшылығын шешіп, бос жатқан жерді нақты игерушілерге әділ бөлу керектігін де өз сөзіне қосты.
    Кеңес барысында Алатау қалалық мәслихатының төрағасы Роза Әбілова Мемлекет басшысының жаңа шаһарға ерекше мәртебе беру туралы шешімінің стратегиялық маңызына тоқталды.
    Келесі сөз кезегін алған «Ақ бұлақ» шипажайының директоры Сұңқар Искаков Президент Жолдауында 2025 жылы туризм кластерлерінің дамуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі ерекше атап өтіліп, заманауи инфрақұрылым құрудың маңызды рөлі айқын көрсетілгенін айтты.
    Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Ақыл Мемлекет басшысының экономиканың түрлі салаларына цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажеттігі туралы айтқаны жасанды интеллектінің біздің ел үшін тек технологиялық құрал емес, экономикалық өсімнің, әлеуметтік өзгерістердің және мемлекеттік басқарудың жаңа сапасының негізгі факторы болатынын сөз етті.
    Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Жолдаудағы жеті бағыт бойынша жеке тоқталып, әрбіріне қатысты жұмыстардың жүйелі болуы керегін ерекшелеп айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Конституциялық мәртебесі бар институт

    Ұйысқанның ұпайы түгел

    2 years ago
    Он тоғызда от кешкен

    Он тоғызда от кешкен

    7 months ago
    Тау туризмі – табысты сала

    Тау туризмі – табысты сала

    8 months ago
    Айдарбек Қожаназаров: Конституциялық реформа жас буынға бағдарланған және экономиканы, дамытуға жағдай жасайды

    Айдарбек Қожаназаров: Конституциялық реформа жас буынға бағдарланған және экономиканы, дамытуға жағдай жасайды

    1 month ago
    Алматы облысының кәсіпорындарында 4 мыңнан аса маман тапшы

    Алматы облысының кәсіпорындарында 4 мыңнан аса маман тапшы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>