⛅
8°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қазан 29, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Абайға арналды

    25.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Абайға арналды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Ақыл-ойдың алыбы атанған ұлы Абай­дың 180 жылдығына орай игілік­­ті іс-шаралар әлі де жан сүй­сінер­­лік жағдайда жалғасын тауып келеді. Абай тойы жыл аяғына дейін және одан әрі де ұлан-асыр мерекеге ұласа беретініне сенім зор. Өйткені, халық үшін дана Абай – мәңгілік тақырып­тың алтын арқауы.

    Алатау қаласы әкімдігінің баста­ма­­сымен «Жаңаталап» ықшам­ауда­нындағы №10 орта мектепте ұлы ақынның мерейтойына байланысты FIDE рейтингі есепке алынатын шахмат жарысы өтті. Жарысқа облыстың қала-аудандарынан және Қырғыз елінен 122 шахматшы қатысты. Тартысқа толы бәсекені тамашалауға келген көрермен көп болды. Швейцар жүйесімен өткен 9 турлық жарыстың қорытындысында жүлделі бірінші орынды Алматы қаласынан келген Мұхтар Айнақұл, екінші, үшінші орындарды ілелік Тайыр Айдынұлы мен Мағжан Мұратұлы иеленді. Сондай-ақ, жүлделі орындардан қарасайлық Даниял Қабылбек, талғарлық Дінмұхамед Меліс, Қырғызстаннан Әсел Лесбаева, алматылық Мәди Амангелдіұлы көрінді. Олар өздерін қандай бәсекеге болсын дайын екенін байқатты.
    Жарыс барысында 65 жастан асқан ардагерлер де өздерінің өмірлік тәжірибелерін ортаға салды. Олардың арасынан суырылып алға шыққан, шеберліктері толысқан ойыншылар да аз болмады. Жарыс­тың нәтижесінде бірінші орынды қарасайлық Тұрғали Жолдасов, екінші орынды талғарлық Ахат Солтанқұлов, үшінші орынды қарасайлық Кенжебек Ермекбаевтар иеленсе, әйелдер арасынан бірінші орынды қарасайлық Мәриям Нұрымова, екінші орынды Алатау қаласынан Інжугүл Ахметова жеңіп алды.
    Осынау жарыста таудай талабымен көрінген 8 жастағы балғындар да баршылық болып шықты. Мәселен, қарасайлық Әлисұлтан Қылыбек, Нұртуған Қылышев, талғарлық Дәрменияр Дәулет, Мәдина Қадыр, алатаулық Кәркен Аманғали, ілелік Құсайын Дадабаев, еңбекшіқазақтық Дәулет Нұрболатовтар келешегінен үлкен үміт күттіретін ойыншылар екенін көрсетті. Оларға Абай аталарының «Қара сөздер» кітабы сыйға берілді.
    – Мен шахмат жарысында бастан-аяқ болдым. Басқа жарыстарға қараған­­да, бұл жарыс ерекше­­лігімен әсер қалдырды. Жиналған жұрт­шылық Алатау қаласы­ның әкімдігіне, Алатау қаласы­ның шахматтан бас бапкері, Ауған соғысының ардагері Қармағаш Сейітов пен мектеп ұжы­мына айрық­ша алғыстарын білдірді, – дейді шахматтан спорт шебері әрі белсенді ұйымдастырушы, қарасайлық Абдолла Адимұратов.
    Аталған шахмат жарысына Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы кәсіпкер Рахат Алпысбаев қаржылай демеушілік жасап, шахматшылардың ризашылығына бөленді.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ
    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды

    10 months ago
    Жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

    Жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

    2 years ago
    Су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есеп жарияланып отырады

    Су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есеп жарияланып отырады

    5 months ago
    Жақсылық – жан шуағы

    Жақсылық – жан шуағы

    8 months ago
    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІЛІК НЕГІЗІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІЛІК НЕГІЗІ

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>