☀️
-2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қазан 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Адам құқығы – басты назарда

    14.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Адам құқығы – басты назарда
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

            Қонаев қалалық кітапханасында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Адам құқықтары мен Конституция: 30 жылдық тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда ҚР Конституциялық сотының маңызы, оның міндеттері жайлы сөз болды.

    Шараға қатысқан ҚР Консти­туциялық сотының судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор Роман Подопригора атқарылған жұмыстар жайын баяндады. «Қазақстан Республикасының Конституциялық соты 2023 жылы 1 қаңтарда құрылды. Ол 2022 жылы өткен республикалық референдум нәтижесінде Консти­туцияға енгізілген өзгерістер негізінде бұрынғы Конституциялық кеңестің орнына жасақталды. Оның басты ерекшелігі – азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы бұзылған жағдайда олар сотқа тікелей шағым­дана алады. Конституциялық сот 11 судьядан тұрады», – деді Роман Анатолиұлы. Айтуынша, Конституциялық сот құрылғалы азаматтардан 13 084 өтінім келіп түскен. Бірақ олардың 72,5 пайызы Конституциялық соттың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша өтініш берген. Сол себептен өтінімдердің тек 27,5 пайызы ғана қабылданған. Сондай-ақ ол Конституциялық сот қабылдаған жекелеген нормативтік қаулылар туралы да айтып өтті. Мысалы, 2024 жылғы 3 желтоқсандағы №54 нормативтік қаулыда шетелде тұратын Қазақстан азаматтарына өз көлігін елде уақытша пайдалануға тыйым салу Конституцияға сәйкес емес деп танылған. 2025 жылғы 20 қаңтарда қабылданған №61 қаулыда бейбіт жиын өткізуге әкімдіктің келісім беруден бас тартуына нақты заңды негіз болуы шарт екені айтылған. Егер ұйымдастырушылар жиынның уақытын немесе орнын өзгерткен болса, әкімдік жаңа өтінішті қабылдауы тиіс. 2025 жылғы 16 сәуірдегі №70 қаулыдағы шешімде ата-анасы белгісіз немесе ерекше жағдайдағы баланың ұлты мен тегін анықтау тәртібіне қосымша тәсілдер қарастырылуы керек делінген. Ал 2025 жылғы 18 шілдедегі №73 қаулыда қамауда ұстау мерзімін ұзарту кезінде заңбұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі айтылып, азаматтың жеке бас бостандығын сақтау басты талап екені көрсетілген.
    Одан кейін сөз алған ҚР Консти­туциялық сотының талдау­шысы Дәурен Шәріпбаевтың айтуынша, осы уақытқа дейін 74 нормативтік қаулының 41-і, яғни 56 пайызы толық орындалған. Ал қалған 33 нормативтік қаулы орындалу кезеңінде. Парламент соттың 19 қорытынды шешімін 8 заң жобасы аясында қарау үстінде.
    – 2023 жылғы 6 наурыздағы №4 қаулыда мемлекеттік қызметке қабылдауға қатысты шектеулер қаралды. Конституциялық сот адам­ның теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметке қайта орала алмайтыны дұрыс емес деп шешті. Осы қаулының нәтижесінде мыңдаған адам қайтадан еңбек ету және мемлекеттік қызметке тұру құқығына ие болды. 2023 жылғы 11 сәуірдегі №9 қаулыда үйқамаққа алынған адамдардың негізгі құқығын сақтау мәселесі көтерілді. Сот сондай-ақ алимент өндіру тәртібі мен бейбіт жиналыстар өткізу туралы ережелерге түсініктеме берді. Бұл тақырыптар қоғам үшін аса маңызды, – деген Дәурен Сақтапбергенұлы соңғы екі жылда прокуратура 20 мың қылмыстық және 8500 азаматтық істі Конституциялық соттың құқықтық ұстанымдарына сүйене отырып қайта қарап шыққан. Бұл жұмыстың нақты нәтижелері де бар. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында бұрын заңсыз жұмыстан шығарылған адам қызметіне қайта орналасқан. Ақмола облысында мүгедектігі бар азаматтан негізсіз өндірілген мемлекеттік БАЖ қайтарылған.
    Дөңгелек үстел барысында азамат­тардың құқығы мен бостан­дығының сақталуын прокурорлық қадағалау, сот және полиция қызметінің маңызы жайлы да айтылды. Шара соңында қатысушылар өздерін мазалаған сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Іле ауданында жаңа мектеп ашылды

    Іле ауданында жаңа мектеп ашылды

    2 years ago
    Есть все условия для АЭС

    Есть все условия для АЭС

    1 year ago
    ХҚКО мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсетеді

    ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

    1 year ago
    Еркіндік сыйлаған ерекше күн

    Еркіндік сыйлаған ерекше күн

    2 years ago
    Ардагерлер сынға түсті

    Ардагерлер сынға түсті

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>