⛅
9°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қазан 29, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әке тәрбиесі – үлкен мектеп

    07.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Әке тәрбиесі – үлкен мектеп
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Әке тәрбиесі әлсіресе, қоғам әлсірейді. Себебі бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды. Бүгінде көп отбасындағы ұрпақ тәрбиесі аналарға артылып қалғандай. Кейбір әкелер бала тәрбиесінде бойын алшақ ұстайды.

    Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Ұйғыр аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Адал азамат тәрбиелеудегі әке рөлі» атты әкелер құрылтайының екінші отырысы өтті. Аталған шараға құрметті қонақ ретінде Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова, ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңес мүшесі Шаймардан Нұрымов, «Парасат» орденінің иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы Ызғарбек Бектұрсынов қатысты. Сонымен қатар аудандағы білім ошақтарында оқитын оқушылардың әкелері де осы жиынға арнайы шақыртылды.
    Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақ­тың бойына ұлттық құндылық­тарды сіңіру, әкенің беделі мен белсенділігін арттыру, бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту. Жиында ел ағалары Нұрлан Оразалин, Шаймардан Нұрымов, Ызғарбек Бектұрсынов аталы ой айтты. Ел қорғаны – ұл тәрбиесінде әкенің қамқорлығымен қатар ер-азаматқа тән мінез-құлық дарытар жігері де болуы қажеттігін тілге тиек етіп, нағыз әке ұлын өзінен оздыра тәрбиелеу керек екенін жеткізді.
    Ал жас әкелер атынан сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақжол Ташкенов «Әкесі ақылмен тәрбие берсе, баласы елге қорған азамат болады» деген қағиданы өз ойына қазық етсе, Долайты орта мектебінің директоры Аршалим Дәулетов «Әке – отбасының тірегі, тәрбие бастауы» екенін кеңінен түсіндірді. Құрылтайда тағылымды сөздер көп айтылды.
    Қазақ қашанда бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, ең бірінші әке мен ата тәрбие­сінен көреді, тегіне тартқан дейді. «Әкесі, атасы жақсы адам болатын, көргенді бала екен» десіп, әуелі ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. Сондықтан да қазақта әке мектебі­нен өткен бала сол мұраға қиянат жасамауға тырысқан. Міне, бүгін­де сол мектептің тәрбиесі әлсіреп отыр.
    Аталған құрылтай әке мен бала арасындағы рухани байланысты нығайтып, өскелең ұрпаққа өнеге боларлық мәнді басқосу болды. Болашақта дәл осындай дәстүрлі жиындар түрлі тақырыпты қаузап, жалғасын таппақ.

    Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-да мерекелік іс-шара өтті

    Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-да мерекелік іс-шара өтті

    2 years ago
    Құрылыс саласындағы құқықтық реттеу: Инжинирингтік компаниялардың жауапкершілігі артады

    Құрылыс саласындағы құқықтық реттеу: Инжинирингтік компаниялардың жауапкершілігі артады

    1 year ago
    Еңбек министрі Алматы облысының активімен кездесті

    Еңбек министрі Алматы облысының активімен кездесті

    1 year ago
    Әскери ант – Отанға адалдық белгісі

    Әскери ант – Отанға адалдық белгісі

    12 months ago
    «Азаматтарға арналған үкіметтің» құрылғанына 8 жыл толды

    ХҚКО-ның 30 тамыздағы жұмыс кестесі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>