[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қаңтар 12, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Ақпарат айдынында – жаңа телеарна!

    11.10.2025
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар
    Ақпарат айдынында – жаңа телеарна!
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Таяуда Алматы облысының ақпараттық кеңістігінде көптен күткен жобаның тұсауы кесілді. Қыркүйектің соңына қарай облыстың күнделікті тыныс-тіршілігінен хабар тарататын жаңадан құрылған «Qonaev Media» телеарнасы өз жұмысын бастады. Арнаны облыс аумағында ғана емес, еліміздің барлық өңіріндегі көрермен «Alma TV» және «Otau TV» платформалары арқылы тамашалай алады. Телеарна күн сайын сағат таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін хабар таратады.

    «Qonaev Media» Алматы облысы мен жалпы ел тұрғындарына бағытталған заманауи медиаресурс ретінде ашылып отыр. Эфирде жаңалықтар, сараптамалық талдау бағдарламалары, ток-шоулар, сұхбаттар, деректі және ойын-сауық жобалары көрсетіледі. Әсіресе әлеуметтік бастамаларға, білім мен денсаулық сақтау саласының дамуына, бизнес, мәдениет, спорт пен экология мәселелеріне ерекше назар аударылады.
    Телеарна басшысы Қымбат Хангелдинаның айтуынша, «Qonaev Media»-ның іске қосылуы отандық телевизия үшін жаңа мүмкіндіктер ашады: «Біздің мақсатымыз – халыққа жақын болып, өңір мен елдің келбетін қалыптастыратын шынайы оқиғаларды көрсету. Көрермен эфирден тек ақпарат қана емес, шабыт алып, айналасында болып жатқан оқиғаларға өзін тікелей қатысушы ретінде сезінгенін қалаймыз», – деді ол.
    «Qonaev Media» өкілдерінің айтуынша, арна барлық жастағы көрерменге арналған контент әзірлеп, ақпаратты жедел әрі ұғынықты жеткізуді үйлестіріп отыр. «Qonaev Media» тек телеарнамен ғана шектеліп қалмай, сайт, әлеуметтік желі сияқты заманауи платформаларда да өз контентін кеңінен таратады.
    Телеарна әзірге Алматыда орналасқан, Қонаев қаласына медиаорталық ғимараты салынғанда қоныс аударады.
    Алматы облысының орталығы Қонаевқа қоныс аударғаннан кейін өңірдің ақпарат кеңістігінде «Жетісу» телеарнасының бөлімі жұмыс істегенін көзіқарақты оқырман жақсы білсе керек. Ендігіде бұл қызметтің жүгін «Qonaev Media» көтермек. Жаңа телеарна ұжымына шығармашылық табыс, жұмысына сәттілік тілейміз!

    Айбек БЕЙСЕБАЕВ

    Ұсынымдар

    “Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар” істі болды

    “Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар” істі болды

    2 years ago
    АССАМБЛЕЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

    АССАМБЛЕЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

    2 years ago
    Қонаевта аула футбол турнирі ұйымдастырылды

    Қонаевта аула футбол турнирі ұйымдастырылды

    1 year ago
    Ұстаз аты мәңгілік

    Ұстаз аты мәңгілік

    2 years ago
    Дене шынықтыру және спорт басқармасына басшы тағайындалды

    Дене шынықтыру және спорт басқармасына басшы тағайындалды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>