⛅
9°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Алматы облысында сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау жұмыстары күшейтілді»

    30.10.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    «Алматы облысында сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау жұмыстары күшейтілді»
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазан айы – сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес айы аясында Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау шараларына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шараға Алматы өңірлік көпсалалы клиникасының өңірлердегі онкологиялық қызметтің жай-күйін реттеу жөніндегі ахуалдық орталықтың меңгерушісі Бақытжан Есіркеп пен клиниканың онколог-маммолог хирургі Даулет Айдаров қатысты.

    Спикер Бақытжан Есіркептің айтуынша, облыс тұрғындарына, әсіресе шалғай ауылдардағы әйелдерге онкологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында жылжымалы медициналық кешендердің жұмысы айтарлықтай жанданды. 2025 жылдың 3 ақпанынан 30 қыркүйегіне дейін жылжымалы кешендер арқылы 9 871 адам медициналық тексеруден өткен. Оның ішінде 3 179 әйелге маммографиялық тексеру жүргізілген, олардың 557-сі медициналық сақтандырусыз азаматтар. Сонымен қатар 4 237 адам ультрадыбыстық зерттеуден, 2 455 пациент компьютерлік томографиядан өткен.

    «Бұл кешендер заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған және онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Осындай жылжымалы тексерулердің арқасында биылғы тоғыз айда 18 адамнан қатерлі ісік анықталды, ал 162 тұрғыннан қатерлі жаңа түзілімге күдік туындап отыр. 231 адамнан обырға дейінгі жағдайлар тіркелді», – деді Бақытжан Есіркеп.

    Сүт безі қатерлі ісігі Қазақстанда әйелдер арасында онкологиялық сырқаттардың құрылымында бірінші орында тұр. «Ерте кезеңде анықталған жағдайда сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын әйелдердің 95 пайызы толық сауығып кетеді. Сондықтан өз-өзін тексеру, маммологқа уақтылы қаралу және скринингке қатысу – өмірді сақтап қалудың басты кепілі», – деді Даулет Айдаров.

    Алматы облысында қатерлі ісіктерден өлім-жітім көрсеткіші 2024 жылғы 47,9%-дан 2025 жылы 36,6%-ға дейін төмендеген. Бұл – өңірдегі ерте диагностикалау мен профилактикалық шаралардың нәтижесі.

    Қатерлі ісіктің алдын алу кешенді тәсілді қажет етеді. Оған салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден бас тарту, дене салмағын бақылау және гормоналды факторларды реттеу кіреді. Сонымен қатар 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет тегін маммографиялық тексеруден өтуі тиіс.

    Ұсынымдар

    Еңбек түбі – береке

    Еңбек түбі – береке

    2 years ago
    Халықтың қалтасын қағу

    Халықтың қалтасын қағу

    3 years ago
    Дамудағы оң динамика

    Дамудағы оң динамика

    1 year ago
    Мұражай жетелейді біраз ойға…

    Мұражай жетелейді біраз ойға…

    11 months ago
    Жаңа автобус паркі қызметін бастады

    Алматыдан қала маңына қатынайтын 3 автобус бағыты ашылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>