⛅
6°C
Қонаев
Бейсенбі, Қазан 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Арыз-шағым жауапсыз қалмайды

    10.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Арыз-шағым жауапсыз қалмайды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Облыстық  әкімдікте биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қаралған әкімшілік істердің қалыптасқан сот практикасын талқылау бойынша жиын өтті. Талқылауды ҚР  Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырды. Шараға облыстық сот, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары және жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты.

    Аталған жиында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңды тұлғалардың мүдделерін әкімшілік сот төрелігі аясында мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері мен шешімдерінен қорғауға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы Нұрлан Ауғанбаевтың айтуынша,  облыстық мемлекеттік органдарға жыл басынан бері 205 мыңнан астам шағым түсіп, олардың 137 мыңнан астамы қаралған. Шағымдардың басым көпшілігі жер мәселесі, сәулет және тұрғын үй қатынастары, еңбек құқықтары, білім беру, көлік және коммуникация мәселесіне қатысты.

    Облыс әкімі аппараты азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің басшысы Зухра Тоқбаева да өтінішпен жүгінушілер қатарының көбейгенін растады. Оның айтуынша, Қарасай және Іле аудандарынан түсетін электрондық өтініштердің саны артқан.

    «Облыс әкімдігінде «Алматы облысының ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары картасы» тоқсан сайын жасақталып, аймақ басшысы тарапынан бекітіледі. Оған қоса, «Өзекті мәселелер картасы» жасалды. Соған сәйкес, облыс әкімінің қатысуымен азаматтарды қабылдау жүргізіліп, хаттамаға енгізіледі. Сол арқылы жауапты мекеме басшысына тапсырма беріліп, оның орындалуы бақылауға алынады. Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін электронды цифрлық қолтаңба кілтін пайдалана отырып өз өтініштерін «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы қалдыруға және мемлекеттік органға келіп түскеннен бастап орындалу дәрежесінің тізбесімен танысуға мүмкіндігі бар», – деді Зухра Тоқбаева.

    Департамент бастығы Нұрлан Ауғанбаев жиын барысында арыздарды қарау сапасы төмен екенін айтты. «Әлі де болса көптеген кемшілік орын алып отыр. Оған тұрғындар тарапынан түсетін арыз-шағымдар дәлел. Алайда, осы арыздарға сапалы, толық жауап берілмейді. Тіпті, қарапайым хаттарға да мардымсыз жауаптар келеді. Мұның өзі мәселенің қайта туындауына себеп болады. Ал мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру қызметкерлерге байланысты. Сондықтан, бұл бағыттағы бірлескен жұмыс алға қарай да жалғасын табады. Біз осы негізде құқықтық статистиканың шынайылығын қамтамасыз ету  және анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша жүйелі жұмыстарды жүзеге асырамыз», – деді Нұрлан Жолдасұлы.

    Ерзат Асыл

    Ұсынымдар

    Ерлан ЕРКІНҰЛЫ: Өлеңін өмір сыйына балады

    Ерлан ЕРКІНҰЛЫ: Өлеңін өмір сыйына балады

    1 month ago
    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтауы

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтауы

    2 months ago
    Антыңа адал бол, жас сарбаз!

    Антыңа адал бол, жас сарбаз!

    1 year ago
    Пошташы Оля

    Пошташы Оля

    2 years ago
    “Қазақстанда жасалған” немесе бес жылдағы биік белес

    “Қазақстанда жасалған” немесе бес жылдағы биік белес

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>