⛅
11°C
Қонаев
Жексенбі, Қазан 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Басылымға жазылды

    18.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Баспасөз – 2026
    Басылымға жазылды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Қонаев қаласында «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалының ұйытқы болуымен Баспасөзге жазылу күні өтті. Жыл сайынғы бапасөзге жазылу науқанының басталуына арналған іс-шараға облыстық «Алатау арайы», «Огни Алатау» және «Алатау ардагері», Қонаев қалалық «Нұрлы өлке» газеттерінің өкілдері қатысып, басылымдар жайлы ақпаратты келуші­лерге таныстырды. Оқырман­дармен жүздесіп, пікір алмасты.

    Газет пен оқырман арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткен шара аясында облыс орталығынан шығатын басылымдарға жазылу ұйым­дастырылды. Пошта қызметкерлері тарапынан келушілерге арнайы фуршет дайындалды. «Өлке тынысы» ЖШС алғашқы бес адамды «Алатау арайы», «Огни Алатау» газеттеріне тегін жаздырды. Мұндай игі істі облыстық пошта да жалғастырып, оқырмандардың сүйікті басылымдарымен келесі жылы да қайта қауышуына себепкер болды. Алғашқылардың қатарында Бақытбек Дәулетов, Орынбай Бейсенбайұлы, Қанат Молдабергенов есімді қала тұрғындары жазылды. Олар басылым өкілдері мен пошта қызметкерлеріне жылы лебізін арнады.
    Тағы бір айта кетерлігі, пошта ғимаратында бас қосқандардың көпшілігі өздерінің сүйікті «Алатау арайы», «Огни Алатау» газеттеріне жазылу үшін арнайы келген. Бұған куә болған біз де бір марқайып қалдық. Сондай-ақ аталған басылымдарға биыл алғаш рет жазылушылардың қатары молая бастағаны да көңіл қуантады.
    – Жылдағы дәстүр бойынша өтіп жатқан шара тұрғындардың баспасөзге жазылуына септігін тигізетіні анық. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуде баспасөздің үлесі мол. Қазіргі кезде әлеуметтік желінің ақпарат таратудағы жылдамдығын жоққа шығармаймын. Алайда халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналып отырған мерзімді басылымдар нақты деректерге сүйене отырып, шынайы ақпарат таратады. Осы орайда мемлекетік саясатты насихаттау мен облыстың өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген «Алатау арайы», «Огни Алатау» газеттері жұртшылыққа етене таныс. Оқырман мен газет редакцияларының арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған бүгінгідей іс-шаралар көбейе берсін! Баршаңызды өңірде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып, сараптамалық, әдеби-танымдық мақалаларды оқығыларыңыз келсе, облыстық газеттерге жазылуға шақыра­мын, – деді Қонаев қалалық ардагер­лер кеңесінің мүшесі Жақан Ахаев.
    «Алатау арайы», «Огни Алатау» газеттерінің редакторлары Қуаныш Тұнғатар мен Забира Сайділдина облыстық пошта басшылығына оқырмандардың арыз-шағымын жеткізіп, пошта қызметінің көңіл көншітпейтін тұстарына тоқталып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
    Өз кезегінде «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Данияр Итибаев, республикалық баспасөз тарату басқармасының менеджері Рахымжан Бәтешов мерзімді басылымдардың оқырманға дер кезінде жетуі үшін қажетті жұмыстар қолға алынатынына уәде етті.
    Осылайша облыстық пошта ғимаратындағы мерзімді басылымдар мен оқырман арасындағы бай­ланысты жандандыру бағытында ұйымдастырылған маңызы зор іс-шара «Бүгінде ешкім газет оқымайды» дейтіндердің қателесетінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Спорт кешені ашылды

    Спорт кешені ашылды

    12 months ago
    Алматы облысында жыл басынан бері 10 орман өрті болды

    Алматы облысында жыл басынан бері 10 орман өрті болды

    2 years ago
    Қарияларға құрмет көрсетті

    Қарияларға құрмет көрсетті

    1 year ago
    Бір үйдің баласындай

    Бір үйдің баласындай

    1 year ago
    Мәслихат депутатын сайлау өтіп жатыр

    Мәслихат депутатын сайлау өтіп жатыр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>