❄️
-1°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Экологиялық ахуал бақылауда

    18.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Экологиялық ахуал бақылауда
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстағы экологиялық ахуал жайы сөз болды. Аталған тақырыпқа орай облыстық экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алина Түсіпбаева баяндама жасады.

    Спикер алдымен қоғамда резонанс тудырған «Алматы – Өскемен» автожолының батыс бағытында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонындағы өрт мәселесіне тоқталды. Айтуынша, «ADC TAZA ALEM» ЖШС-на аталған аумақта 2020 жылдың 26 маусымынан 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін жұмыс істеуге мүмкіндік берілген. Соған сәйкес жылына 7354,81 тонна қалдық көмуге рұқсат етілген. Уәкілетті органдардан келіп түскен материалдар мен жүргізілген тексерістер нәтижесінде экологиялық заңнама талаптары бұзылғаны анықталған. Бұған жауапты заңды тұлғалар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 336-бабы 1-бөлігінде көрсетілген қалдықтарды сақтау мен жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айыппұл сомасы – 1 452 000 теңге. Өрт ауданы 12 гектар аумақты шарпыған. «Қазіргі таңда тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының қызметін уақытша тоқтатып, Алматы облысының резервтік жер қорынан жер телімін бөліп, басқа орынға көшіру қажет деп санаймыз», – деді Алина Мұратқызы.
    Брифинг барысында облыстағы Ащыбұлақ ауылдық округінде жер көлемін ұлғайту мақсатында Тереңқара өзеніне қалдықтар төгу дерегі тіркелгені айтылды. «Осы жылдың 22 тамызында өзенге құрылыс, тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың заңсыз төгілуі анықталды. Бұл ҚР Экологиялық кодексінің 320-бабына және табиғатты қорғау заңнамасына қайшы келеді. Анықталған заңбұзушылық бойынша бірқатар жер иелеріне әкімшілік айыппұл салынды. Оларға өзеннің табиғи арнасын қалпына келтіру, келтірілген залалды өтеу бойынша нұсқаулық берілді. Сондай-ақ облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясына және Ащыбұлақ ауылдық округі әкімдігіне тиісті шара қолдану тапсырылды», – деді спикер.

    Гүлзат АЗАТҚЫЗЫ

    Ұсынымдар

    Алғашқы келушіге сыйлық табысталды

    Алғашқы келушіге сыйлық табысталды

    3 years ago
    Шахматшы ата

    Шахматшы ата

    11 months ago
    Ел дамуының жаңа белесі

    Ел дамуының жаңа белесі

    3 months ago
    Өнерге баулиды

    Өнерге баулиды

    2 years ago
    Алматы облысы экономикалық өсу жолында: жыл қорытындысы бойынша 109% және жаңа перспективалар

    «Алматы облысы өнеркәсіп, сауда және экспортта рекордтық өсім көрсетті»

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>