⛅
9°C
Қонаев
Сейсенбі, Қазан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Есбергеновтің есімі берілсе

    13.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Есбергеновтің есімі  берілсе
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          «Дүние, ойлап тұрсан шолақ екен, адам­дар бір-біріне қонақ екен» дейтін нақыл сөз көп нәрсені аңғартады. Осынау қысқа ғұмырды еліне еңбек етуге арнаған ардагерлердің қайрат-жігеріне сүйінесің. Қ.Бижанов, С.Әбішев, Т.Ұзақов, А.Арзиев, Ж.Омаров, К.Үшбаев, Ұ.Таубалдин, Ж.Омаров, А.Саттаров, Б.Орынтаев, Н.Үмбеталиев, С.Рақымбаев сынды азаматтар сондай жандар еді. Қайраткерлермен қатарласа шыққан, өз кезеңінің сынағынан сүрінбей өткен, жауапкершіліктің ауыр жүгін арқалаған Сағыныш Есбергенов те ауыл шаруашылығы саласының білікті маманы болды. Мол тәжірибе жинады. Аудандық билікте шыңдалды. «Сөгеті» қой кеңшарын өз қолымен құрып, ұзақ жыл оған жетекшілік етті.

    Мен білетін Сағыныш Есбергенов іскерлігімен және әділдігімен көзге түсті.Талантты ұйымдастырушы екенін жан-жақты дәлелдеді. Тәртіп пен мәдениетті берік сақтауымен ерекшеленді. Еңбеккерлердің талап-тілектерін ескерусіз қалдырмады. Сондықтан шығар, бұқара алдындағы беделі биіктемесе, төмендеген емес.
    Бақай тауының баурайындағы Нұра ауылы – Еңбекшіқазақ ауданындағы іргелі елдімекеннің бірі. Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің 1964 жылғы 23 қазан №535 қаулысы негізінде осында «Сөгеті» қой кеңшары құрылған. Жаңа кеңшар директоры болып тағайындалған Сағыныш Есбергенұлы «Алматы – Нарынқол» тас жолының бойында, 1965 жылы көктемде шаруашылықтың алғашқы қазығын қағып, 18 киіз үй тігеді. Жоқтан бар жасау үшін жұмысқа жұмыла кіріседі. Кадр іздеу, мал бағатын шопандар табу оңай болмаған. Экономикалық-әлеуметтік мәселелерді шешу ісі қатарласа жүрді. Алғашқы сәтте «Горный гигант» кеңшарынан 9 мың қой, Қапалдан 132 жылқы әкелінді. Мал басын өз төлі есебінен көбейтуге жіті көңіл бөлінді.
    Ауылдың бас жоспары жасалды. Ауызсу жүйесі жүргізілді. Тұрғын үйлер сап түзеп, көшелер пайда болды. 150 адамға арналған асхана, монша, 400 орынды Мәдениет үйінің құрылысы ауыл ажарын аша түсті. Қыстаулар жаңарды. Мал қора мен малшы үйлері қатарласа салынды. Мәселен, Сарымсақтыдан Көртоғай өзеніне дейін, Аласа тауынан Көкқораға дейін 59 қой қора, 73 малшы үйі бой көтереді. Сөгеті жазығына су жеткізу үшін Үйтастан Қарамойынға баратын 19 км су құбыры жүргізілді. Үлкен Бұғыты, Алтынкен тау бөктерінің бергі жазығына Ұйғыр ауданы шекарасынан су тартылып, оның жалпы ұзындығы 177 км-ге жетті. 476 гектар алқапқа беде өсірілді. Тауға баратын жолдар ретке келді. Әр отарға электр желілері жеткізілді. Үйтастағы бұлақ жанынан тереңдігі 7 метрге жететін тоспа жасалды. 800 га суармалы жер игеріліп, шабындық мәселесі де шешілді. Бір сөзбен айтқанда, өңір түбегейлі өзгерді.
    Алғашқы жылдары жұмыс істеген мамандар жадымызда. Олар – бас зоотехник Б.Сабыров, С.Рахымбаев, бас агроном Н.Редько, бас инженер З.Мамедов, бас прораб Я.Насрединов, және Ә.Аманжолов, С.Аюпов, М.Әліпбаев, С.Балазьян, Ж.Бисебаев, Т.Жұмабеков, С.Илбакиев, Н.Қашағанов, Қ.Кәкенов, Б.Қадырбаев, Ә.Қошақаев, В.Лян, Б.Мәметов, А.Мельников, Ә.Молдабеков, Т.Мұқашев, Ә.Молдасанов, В.Низамудинов, С.Орынтаев, Т.Розахунов, З.Садиров, Я.Смаилов, Б.Тәжиев, И.Хасанов, М.Үркімбаевтар. Әр кезде кеңшарда партия ұйымының хатшылары болған – Т.Әміров, О.Бекенов, А.Кенеев, С.Нұрбеков, А.Оспановтар елді еңбекке жұмылдырды. Шаруашылықта кәсіподақ ұйымын К.Қалқаев, Қ.Мергенбаев, Е.Өтенбаевтар басқарған.
    Байсауыр және Тайсауыр жайлау­ларындағы мал отарына автокөлік еркін баратын болды. «Сөгеті» құры­лысшылары Шелек өзенінен Аққия мен Қарақия жайлауына өтетін тұсқа қарағайдан көпір салды. Ауылдың шығысында, үлкен тас жол бойында 15000 бас қойға арналған мал бордақылау кешені бой көтерді. Бұл – шаруашылық үшін нағыз пайданың көзіне айналды. Сонымен қатар кешенде жем-шөпті түрлі қоспалармен байытатын, тәулігіне 50 тонна мал азығын дайындайтын цех іске қосылды. 5000 тонна жем-шөп сиятын қойма тұрғызылды. Маңдайдан төгілген тер текке кеткен жоқ. Сөгеті жазығы біртіндеп төрт түлік малға толды. Қой 59 мыңға, жылқы 1,5 мыңға жетті. Кеңшар еңбеккерлері үймен толық қамтамасыз етілді. Ауыл аз уақыттың ішінде бақуатты елдімекендер қатарына қосылды.
    Орденді шопан, депутат механи­затор, үлгілі ұстаз, сегіз қырлы, бір сырлы мәдениет қызметкерлері ауыл мақтанышына айналды. Шаруашылықты өркендетуге ерен еңбегімен атсалысқан, кеуде­лерінде орден мен медаль жарқы­раған – Б. Әлиасқаров, Ж.Балтабаев, Ж.Бейсебаев, С.Бекенов, Н.Дәуренбеков, А.Жұрқабаев, К.Қасымбеков, Б.Құлжабаев, Ө.Молдажанов, Қ.Мұсағазиев, М.Насыров, М.Омаров, Қ.Сыдықбеков, Т.Сұлтанбеков, А.Телеубаев, А.Телеубаев, Ә.Тоқтасынов көш бастап, өнеге көрсетті.
    Ауылдың кешегісі мен бүгінін ойлап, болашағына көз салған Сағыныш Есбергенов әрқашан еліне, жұртына ақылшы болудан танған емес. Ұлттық тәрбиені нығайту үшін де барын салды. «Құтты қоныс», «Қыстық руы» атты тәлімдік, шежірелік кітаптарын жазды. «Менің әлемде теңдесі жоқ, ең қымбат атамекенім – Сөгеті – Нұра ауылы. Ол жан-жақтан уілдей соққан желден, жаз бойы тас төбеңнен шақырайған күннен қорғап, пана боларлық бір ағашы жоқ, ебелектен басқа шөп өспейтін, тышқан қазып шығарған төмпешік топырақтан өзге ештеңе көзге ілінбейтін, оны айтасыз, ұшып жүрген құс та кездеспейтін, сусыз, елсіз, құмды, шөлді дала төсіне өз қолымызбен орнатқан ауыл», – деген сөздерін жерлестері тебірене оқиды.
    Соғыс және тыл ардагерлеріне тағзым ету мақсатында ауыл азамат­тары А.Айманбеков,­С.Әбдіқалиев С.Дәркенбаев, Б.Жамалбеков, Е.Қайыпжанов, А.Молдасанов, А.Солтанбеков, Е.Сыбанбаевтар көпшілікті бастап, ескерткіш-монумент орнатты. Сағыныш Есбергенов жерлестерін қоғамдық жұмыстарға ұйыстырып отырды. Ауыл ақсақалдарына жөн сілтеп, жол көрсетті. Аласапыран кезеңде ұмытылған «ақтаңдақтардың» орнын толтыруға барын салды. XVIII ғасырда қазақ жерін жаудан қорғаған Малай батырға ескерткіш тұрғызу идеясын көтеріп, оны ойдағыдай орындап шықты. Мұхамед, Бекмұхан Исабековтер, Динара Серікбаевалардың бастамасын түсініп, барынша қолдады. Нәтижесінде «Жалайыр шора», «Саятшы клубы» мектебі, құсбегілік өнерді насихаттайтын «Жеті қазына» мұражайы жұмыс істеп, ел игіліне айналды.
    Кезінде «Сөгеті» кеңшары дәуірледі. Өз заманының алдыңғы шебінен көрінді. Бүкілодақтық, республикалық жарыстарда жеңімпаз атанды. Қажырлы еңбегі ауылды ғана емес, Сағыныш ағаның да мәртебесін биіктетті. «Ленин», «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері, Алматы облысының Құрметті азаматы атанды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. Қай жағынан қарасаңыз да өресі биік, өнегесі мол толымды тұлға ретінде дараланды.
    Нұра ауылы бүгін де өркендеу үстінде. Есбергенов тәлімі жаңа заманды жатырқаған жоқ, өз жалғасын табуда. Ауылды араласаңыз, Сағыныш ағаның қолтаңбасы менмұндалап тұрады. Осыны ескере отырып, аталған елдімекенді «Сағыныш ауылы» деп атауға жергілікті тұрғындар қолдау білдірді. Ел-жұрттың пікірін тиісті орындарға ұсынған едік. Біздіңше, ол лайықты ұсыныс. Сондықтан мәселе ойдағыдай шешіледі деген сенімдеміз.

    Нұрлан Ердәулетұлы,
    Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы

    Ұсынымдар

    Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

    Жаңа көзқарастар мен сенімді қалыптастыратын сұхбат

    10 months ago
    «Строительная» саяжайындағы 1-трансформатор іске қосылды

    «Строительная» саяжайындағы 1-трансформатор іске қосылды

    2 years ago
    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    2 years ago
    Тұрғын үй бой көтеруде

    Тұрғын үй бой көтеруде

    9 months ago
    Мыңдаған баланың талабын ұштаған өнер мектебі

    Мыңдаған баланың талабын ұштаған өнер мектебі

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>