⛅
9°C
Қонаев
Жұма, Қазан 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Есірткісіз болашақ

    16.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Есірткісіз болашақ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Талғардағы «Жастар» саяба­ғында «Чемпиондық рух» рес­пуб­ликалық жобасы аясында ауқымды іс-шара өтті. Ол «Жас­тар рухы: есірткісіз бола­шақ – ел ертеңі» деп аталды. Аудан орталығындағы бірнеше кол­леджде оқитын мыңнан аса студент жиналған саябақ салауатты өмір салтын ұста­натын үлкен алаңға айналды.

    Алматы облыстық полиция депар­таменті есірткіге қарсы күрес бөлімі және қылмыстың алдын алу кеңесінің қолдауымен өткен спорттық-бұқара­лық іс-шараның ұйымдастырушысы – «Чемпиондық рух» жобасының авторы, облыстық мәслихат депутаты, грэпплингтен Азия чемпионы, джиу-джитсудан қара белбеу иегері Нұрсұлтан Орынбасаров. Саябаққа жиналған жастарды ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттары, әйгілі спортшылар құттықтап, келешекте жұмысшы мамандықтарын иеленіп, әр салада өндірістің тұтқасын ұстайтын жастарға ізгі тілектерін жеткізді.
    – Бұл ауқымды жоба Қазақстанның барлық өңірінде жүзеге асырыла бастады. Талғарға келіп, жастарға үлгі көрсетіп, олардың рухын көтеріп, сол арқылы спортқа деген сүйіспеншілігін оятып жатқанымыз қуантады, – деді Мәжіліс депутаты, «Alash Pride» клубының президенті Данияр Қасқарауов.
    Одан кейін сөз алған облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Бағдат Әшімов те аталған іс-шараның қоғам, әсіресе жастар өміріндегі маңыздылығын айрықша атап өтті.
    – «Чемпиондық рух» республика­лық жобасы жай ғана спорт емес, бұл – бірліктің күші, командалық рух және өз мүмкіндігіне деген сенім. Ол спорт пен белсенді өмір салты арқылы түрлі жастағы және мамандықтағы адамдарды біріктіреді. Жобаның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру белсенділігін арттыру және спорттық мәдениетті дамыту. Біздің департамент нашақорлыққа, қылмыстың әр түріне қарсы күрес жүргізіп келеді. Бірақ полиция жамандықты жалғыз өзі жеңе алмайды, бұл тұрғыда бірлік пен ұйымшылдық қажет. Сондықтан мұндай іс-шаралар жастарды спортқа және салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуде ерекше маңызды, – деді ол.
    Аудан әкімі Таңат Айдарбеков те жиналған жұртшылықты құттықтап, депутаттар мен спортшыларға жастар тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамы­туға қосып жатқан үлесі үшін алғыс білдірді.
    – Бұл жоба Алматы облысы бойынша біздің ауданда алғаш рет өтуде. Оған біз өте қуаныштымыз. Жастар чемпион ағаларымен бірге жаттығу жасап, мотивация алып, спортшылардың жетістіктеріне қарап бой түзеуі керек. Бүгінгі шараға келген барлық жасқа, оны ұйымдастырушыларға, Нұрсұлтан Орынбасаров, Қанат Ислам інілерімізге алғыс айтамын, – деген аудан басшысы қазақтың қонақжай салтына сай, мәртебелі меймандар мен әйгілі спортшыларға жастарға көрсетіп жатқан жақсы үлгісі үшін ризашылығын білдіріп, иықтарына шапан жапты.
    – Қазақта «Адамды жас өсірмейді, жауапкершілік өсіреді» деген жақсы сөз бар. Сіздердің болашақтарыңыз тек өздеріңе ғана емес, елімізге де керек. Міне, үлкен ағаларымыз келіп, сіздерге батасын беріп жатыр. Бұл – елдіктің, егемендіктің белгісі. Тек қана спорт емес, әр салада – өнерде, өнеркәсіпте, мәдениетте, медицинада, кәсіпкерлікте ел мерейін үстем етуге атсалысайық. Есірткіден аулақ жүріп, деніміз сау, еліміз тыныш болып, Көк Туымыз биікте желбірей берсін! – деді әйгілі боксшы Қанат Ислам.
    Әрі қарай халықаралық байқаудың лауреаты Мәди Мақажановтың «Рух» күйін орындауымен жиналған қауымның көңілі мен рухын көтерген концерт басталды. Содан кейін бағдарламаға сәйкес, шараға жиналғандар жаппай дене шынықтыру жаттығуларын жасауға кірісті. Алғашқы минуттардан-ақ сергектік және командалық рух айқын сезілді.
    Арнайы жедел жасақ отрядының жауынгерлері де көрнекі нөмір көрсетіп, жастарды көз ілеспес шапшаңдық, шыңдалған шеберліктерімен баурап алды. Шара барысында белгілі спортшылар өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Басқаша айтқанда, чемпиондар жастарға спортты дұрыс бағытта пайдалану керектігін түсіндірді.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Ұстаз бейнесі ұмытылмайды

    Ұстаз бейнесі ұмытылмайды

    5 months ago
    Олимпиадаға қатысқан спортшыларды құттықтады

    Олимпиада қатысушыларына құрмет

    1 year ago
    Үкімет: Жанармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер етпейді

    Үкімет: Жанармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер етпейді

    3 years ago
    Мал басы артты. Сапасы ше?

    Мал басын арттыру маңызды

    5 months ago
    Береке-бірлік дәл қазір керек

    Береке-бірлік дәл қазір керек

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>