⛅
9°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды

    30.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Римдегі Вилла Грациоли саябағында (Parco di Villa Grazioli) қазақ халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев, италиялық зиялы қауым өкілдері мен Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері қатысты.

    Министр салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының рухани кемелденуіне бағдар болған, адамзаттың асыл мұраттарын насихаттаған ұлы тұлға екенін атап өтті. Оның шығармаларындағы басты идея – адамгершілік, әділдік, білім мен еңбек арқылы ізгілікке үндеу. Сондықтан да Абай бейнесінің дәл Рим қаласында бой көтеруі – мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы рухани көпірдің белгісі болары анық.

    «Кейінгі жылдары мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас ерекше серпін алды. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Италияға ресми сапары мен Италия Министрлер кеңесінің төрайымы Қазақстанға жасаған ресми сапары ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді.

    Ал қыркүйек айында Италия Президенті Қазақстанға келіп, жаңа байланыстарға жол ашып, бірқатар маңызды келіссөздер жасалды. Бүгінгі Абай ескерткішінің ашылуы – сол келісімдердің көрінісі, екі халық арасындағы достық пен өзара құрметтің белгісі деп білемін», – деді Аида Балаева.

    Айта кетсек, қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімі шетелде зор құрметке ие. Ақынға арналған ескерткіштер, бюстер мен монументтер әлемнің көптеген ірі қалалары мен астаналарында орнатылған. Олардың қатарында, Ташкент, Мәскеу, Қазан, Бішкек, Бейжің, Каир, Будапешт, Тегеран, Анкара, Ыстамбұл, Нью-Дели, Женева, Париж, Ренн, Сараево, Тбилиси, Берлин, Сеул, Харьков, Баку және Рио-де-Жанейро қалалары бар.

    Аида Балаева мен Ерболат Сембаев Шыңғыс Айтматов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Ірі жобалар  жүзеге аспақ

    Ірі жобалар жүзеге аспақ

    6 months ago
    Адалдықтан аттамаған

    Адалдықтан аттамаған

    3 months ago
    «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауы басталды

    «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауы басталды

    2 months ago
    Облыста сыбайлас жемқорлық жайлаған салалар аталды

    Облыста сыбайлас жемқорлық жайлаған салалар аталды

    2 years ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе»

    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе»

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>