⛅
9°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ҚАРҚЫНДЫ АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

    30.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ҚАРҚЫНДЫ АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысы сапарын Талғар қаласының селден қорғау бөгетінен №2 алаңға дейінгі магистральды су құбырының жұмысын көруден бастады. Мердігер мекеме – «TOLAGAI-2050» ЖШС жоба жетекшісі Самат Ыбырайдың айтуынша, 2022 жылы басталған жұмыстың 70 пайызы орындалған. Келесі жылы шілде айында толықтай аяқтау жоспарланып отыр.

    Құрылыс басында күнделікті 30-35 адам жұмыс істеуде. Нысан толығымен іске қосылғанда Талғар өзенінен құбыр арқылы келген су тұндырылып, сүзгіден өтеді. Одан соң зертханада хлорланып, су қоймаларына жіберіледі. Содан кейін тұтынушыларға беріледі. Мұнда зертхана салынған. Енді оның ішіне жабдықтар орнатылмақ. Жоба іске асқан кезде Талғар қаласының жаңадан бой көтерген шағынаудан­дары ауызсумен қамтылады.
    Келесі кезекте облыс әкімі Талғар қаласында салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмысымен танысты. Тоғызқабатты үш үйдің бірі былтыр желтоқсан айында, екіншісі биыл қыркүйекте пайдалануға берілген. Үшіншісі жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
    Бұдан соң Марат Елеусізұлы Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Қойшыбек ауылына атбасын бұрды. Бұл ауыл­дағы үй жануарларына арналған жем шығаратын зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты. Мұнда «Asia Pets» ЖШС құрылтайшысы Руслан Іргебаев цехтарды аралатып, өнім түр­лерімен таныстырып, алдағы жоспарымен бөлісті.
    Есік қаласында «SHEBERBUILD» ЖШС салып жатқан көпқабатты үйлердің құрылысын көрген облыс басшысы мердігер мекеме өкіліне биылға жоспарланған жұмысты бітпесе, бұл нысанның келесі жылы басқа мердігерге берілетінін ескертті.
    Марат Сұлтанғазиев сапары­ның соңында Есік қаласының №4 Абылайхан атындағы орта мектебіне аялдады. 1938 жылы іргесі қаланған ғимараттың күрделі жөндеу жұмысы­ның басталғанына екі жылдан асқан. Облыстық білім басқармасының бас­шысы Арайлым Төлеубекова мерді­гер мекеменің жөндеу жұмысын қараша айында аяқтайтынын жеткізді. Нысанды аралап, ауланы көріп шыққан облыс әкімі білім басқармасы басшысы мен мердігер мекеме басшылығына бірқатар тапсырма жүктеді.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Оқушы қауіпсіздігі – басты назарда

    Оқушы қауіпсіздігі – басты назарда

    7 months ago
    “Өрмекші адам” өнегесі

    “Өрмекші адам” өнегесі

    5 months ago
    Алматы облысында 282,2 мың адам шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді

    Алматы облысында 282,2 мың адам шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді

    2 years ago
    Скам-алаяқтық деген не және одан қалай қорғануға болады?

    Скам-алаяқтық деген не және одан қалай қорғануға болады?

    2 years ago
    Жеті ата

    Жеті ата

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>