☀️
-0°C
Қонаев
Бейсенбі, Желтоқсан 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіпкерлер құқығы қорғалады

    29.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Кәсіпкерлер құқығы қорғалады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Бизнес-омбудсмен аймақ әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесіп, өңірдегі іскерлік ахуалды жақсартудың өзекті мәселелерін талқылады. Одан соң Алматы және Жетісу облыстарының бизнес қауымдастығымен жүздесті.

    Жиынды ашқан облыстық «Атамекен» ӨКП директоры Азамат Тағаймұратұлы кездесудің мақсаты – бизнес жүргізудің өзекті мәселелерін талқылау, кәсіпкерлердің өтініштерін қарастыру екенін айта келіп, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевке сөз берді. Аймақ басшысы өз сөзінде облыста шағын және орта бизнесті дамытудың мүмкіндігі зор екенін атап өтті.
    «Шағын және орта бизнесті қолдау – облыс саясатының басым бағыт­тарының бірі. Бүгінде белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 156 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 10,8 пайызға артты және бұл салада 272 665 адам жұмыспен қамтылды. Биылғы 8 айда шағын және орта бизнестен түскен салық көлемі 220,9 млн теңгені құрады. Өнім шығару көлемі 2,2 трлн теңгеге жетіп, өсім 33,3 пайызды көрсетті. Биыл бизнесті қолдауға 34,4 млрд теңге бағытталды. Ортақ күш-жігердің арқасында ғана біз аймақ экономикасының тұрақты дамуын және тұрғындар өмірінің сапасын арттыруды қамтамасыз ете аламыз», – деді Марат Елеусізұлы.
    Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров бизнес-омбудсменнің стратегиясымен бөлісті. «Қазақстан кәсіпкерлерінің құқық­тарын қорғау жөніндегі уәкілдің миссиясы – басқа құқықтық мүмкіндіктер болмаған жағдайда кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғау. Мемлекет бизнесті экономикалық тұрғыдан қолдауы керек. Біз жеке бизнестің барлық негізсіз әкімшілік және басқа шектеулерін, ең айқын тәуекелдерін анықтап, алдын алғымыз келеді. Осыған орай «Атамекен» ҰКП мен бизнес-омбудсмен екіжақты нәтижелі жұмыс істеуі тиіс», – деді ол.
    Жиында кәсіпкерлер Қанат Нұровқа тікелей сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Бұл ретте «Ahi Holding», «Kazpetfood» ЖШС сынды кәсіпорындар жер телімдерін заңдастыруда әкімшілік кедергілерге тап болғанын жеткізсе, «Алатау-құс» АҚ өкілі экологиялық талаптардың тым жоғары екенін алға тартты. Жекеменшік мектеп, балабақша салған кәсіпкерлер қаржыландыру мәселесінде қиындықтар туындағанын айтты. Әрбір сұрақ бойынша тиісті мемлекеттік органдар түсініктеме беріп, шешу жолдарын ұсынды.
    «Кездесу көңілімнен толық шықты, әсіресе кәсіпкерлердің қатысуы маңызды болды. Аймақтық мәселе­лерді республикалық жүйелік деңгей­де шешу керек деген үндеуім жауап тапқанына қуаныштымын. Түйгенім, кәсіпкерлерге жасалатын әкімшілік кедергілерді азайту қажет. Лауазымды тұлғаларға қолданыстағы заңнама­ны бұзғаны үшін дербес жауапкер­шілік қарастырылуы керек. Бұл тек атқарушы билікке ғана емес, сот, заң шығарушы органға да енгізілуі тиіс», – деген Қанат Нұров барлық көтерілген мәселені шешуге күш салып, белсенді көмек көрсететінін мәлімдеді.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 800-ге жуық нысан мүгедектігі бар азаматтарға бейімделді

    Алматы облысында 800-ге жуық нысан мүгедектігі бар азаматтарға бейімделді

    8 months ago
    Бос орындар жәрмеңкесі өтті

    Бос орындар жәрмеңкесі өтті

    1 year ago
    Пациент құқығы қорғалады

    Пациент құқығы қорғалады

    3 months ago
    Жаздың бір күні жылға азық

    Жаздың бір күні жылға азық

    5 months ago
    Өнегелі өңірдің өрісі кең

    Алматы облысының әкімі Астана күніне орай құттықтады

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>