☀️
3°C
Қонаев
Сейсенбі, Қараша 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    «Кең дала – 2» бағдарламасы: фермерлерге ерте қолдау мен тиімді шарттар

    28.10.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    «Кең дала – 2» бағдарламасы: фермерлерге ерте қолдау мен тиімді шарттар
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Алматы облысының фермерлері үшін биылғы күз ерекше басталды. Қазан айының басында іске қосылған «Кең дала – 2» бағдарламасы ауыл шаруашылығын қолдаудың негізгі тетіктерінің біріне айналды. Бір жарым жылға есептелген жоба 5 пайыздық жылдық мөлшерлемемен несиелеуді қарастырады.

    Пайдаланушылар үшін төлем жүйесі де ыңғайлы: қарыздың жартысы желтоқсанға дейін, ал қалған бөлігі келесі жылдың наурызына дейін өтеледі. Мұндай тәсіл фермерлерге көктемгі егіс науқанына алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді — тұқым, тыңайтқыш, жанармай сатып алып, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеп үлгеруге жағдай жасайды.

    Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және техникалық бақылау бөлімінің бас маманы Алмас Ақылбеков пен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Нұрмәди Алибаев мәлімдеді.

    Спикердің айтуынша, фермерлер үшін ең бастысы — қаржыландыруға алдын ала қол жеткізу.

    – Біз бағдарламаны биыл әдеттегіден ертерек іске қостық, – деді Алмас Ақылбеков. – Бұл шаруаларға жаңа маусымға асықпай, тиімді бағамен дайындалуға мүмкіндік береді. Олар енді жанармай мен тұқым қорын ертерек жаңарта алады.

    Ауыл шаруашылығын ерте қаржыландыру тетігі алғаш рет 2024 жылдың соңында енгізілген болатын. Сол кезде-ақ бағдарлама жоғары сұранысқа ие болып, шамамен 100 миллиард теңге бөлінді. Биыл бұл көрсеткіш бірнеше есе артқан.

    Бағдарламаның басты артықшылығы — тек төмен пайыздық мөлшерлеме емес, сонымен қатар төлемнің икемді жүйесі мен кепілдік қолдауында. Егер фермердің кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болса, «Даму» қоры несие сомасының 85 пайызына дейінгі бөлігін кепілдендіреді. Бұл әсіресе шағын шаруашылықтар үшін үлкен мүмкіндік.

    Қаржыландыру Аграрлық несие корпорациясының аймақтық филиалдары, екінші деңгейлі банктер, несиелік серіктестіктер және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы жүзеге асырылады.

    – Соңғы жылдары бағдарламаның ауқымы едәуір кеңейді, – деп атап өтті Нұрмәди Алибаев. – Бұрын бөлінетін қаражат көлемі аз болса, қазір ол бірнеше есе өсті. Бұл фермерлердің сенімін және бағдарламаның тиімділігін дәлелдейді. Ең маңыздысы — қаражат шынымен өндірушілерге жетіп отыр.

    Бағдарламаға қатысу үшін шаруалар өз өңіріндегі Аграрлық несие корпорациясының филиалына жүгініп, өтініш пен қажетті құжаттарды тапсыра алады. Толық ақпарат алу үшін Agrocredit.kz сайтында немесе қысқа нөмір 5353 (Kcell, Activ, Beeline) және +7 775 007 68 07 (Tele2, Altel) телефондары арқылы call-орталыққа хабарласуға болады.

    Ұсынымдар

    Ел тыныштығы –  ең маңызды мәселе

    Ел тыныштығы – ең маңызды мәселе

    3 years ago
    “Жедел жәрдем” жаңа деңгейге шыға ма?

    “Жедел жәрдем” жаңа деңгейге шыға ма?

    2 years ago
    Қонаевқа қоғамдық көлік жүрсе…

    Қонаевқа қоғамдық көлік жүрсе…

    12 months ago
    Жаңа қала – жарқын болашақ

    Жаңа қала – жарқын болашақ

    2 years ago
    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>