[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қазан 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Көгілдір отын игілігі

    11.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Көгілдір отын игілігі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Балқаш ауданындағы елдімекендер жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен көгілдір отынға қол жеткізуде. Жыл соңына дейін Бақанас ауылындағы жаңа шағынаудан мен Ақжар ауылында газ құбырын орнату құрылысы аяқталмақ.

    – 2019 жылдан бері Балқаш ауданында газбен қамту жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді. 2023 жылы Миялы, Бақбақты, Бірлік, Бақанас, Ақдала, Бояулы елдімекендеріндегі 1500 тұрғын үйге газ қосылып, қазіргі таңда ауыл тұрғындары көгілдір отынның игілігін көруде. Биыл «ТурГаз» ЖШС-мен Ақжар ауылына газ желісін тартуға 809 млн теңгеге келісімшарт жасалған. Сондай-ақ Бақанас ауылындағы жаңа ықшамауданды газбен қамтамасыз ету үшін 414 млн теңге қарастырылған. Жыл соңына дейін осы екі жоба толығымен аяқталады. Сонымен қатар Береке ауылына газ құбырын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, 1 млдр 199 млн теңгеге мердігермен келісімшарт жасалған. Бұл жұмыс келесі жылға жоспарланған. Одан бөлек Бура, Үшжарма, Ақкөл ауылдарын газбен қамту 2026-2027 жылдарға арналған бюджет жоспарына енгізілді. Осылайша 2027 жылға дейін аудандағы 20 елдімекеннің 11-і яғни 55 пайызы газ желісіне қосылмақ. Қалған ауылдар 2030 жылға дейінгі бас жоспарға енгізілген, – деді Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов.
    Бақанас ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Үміт Байдабекова газ желісіне былтыр қосылғанын айтты. «Бұған дейін жылына 4-5 тонна көмір жағатынбыз. Күйеуім екеуміз күнде жұмыста болғандықтан балалар үшін алаңдайтынбыз. Газ қосқалы уайымымыз азайды, үйіміз де жып-жылы болып тұрады. Ауылымызға осындай жағдай жасалғанына қуаныштымыз», – деді ол.
    Ақжар ауылының тұрғыны Гүлмария Шопанбаева: «Қазіргі таңда үйімізді от жағып жылытамыз. Бір тонна көмірді 35-40 мың теңгеге сатып аламыз, ағаш отын түсіреміз. Бұл қалтаға біраз жүк салады. Газ құбырын орнату жұмысы ойдағыдай аяқталып, көгілдір отынға тезірек қолымыз жетсе екен деген ниетіміз бар», – деді.
    Бүгінде Ақжар ауылында жоғары қысымда – 5397 метр, орташа қысымда – 1127 метр, төмен қысымда 6 715 метр газ құбыры, 46 тұрғын үйге газ есептеуіш орнатылған. Құрылыс жұмысы әлі де жалғасуда.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Ономастика – ұлт айнасы

    Ономастика – ұлт айнасы

    10 months ago
    Ауыл аманаты: Алматы облысында жылыжай иесі бүкіл ауылды қызанақпен қамтып отыр

    Ауыл аманаты: Алматы облысында жылыжай иесі бүкіл ауылды қызанақпен қамтып отыр

    3 months ago
    Үкімет қаулысына толықтыру енгізу жобасы жарияланды

    Үкімет қаулысына толықтыру енгізу жобасы жарияланды

    2 years ago
    Қонаевтағы туризм: 1 млрд теңгеден астам сомаға қызмет көрсетілді

    Қонаевтағы туризм: 1 млрд теңгеден астам сомаға қызмет көрсетілді

    1 month ago
    Депутаттар сенім үдесінен көрінеді деп сенеміз!

    Депутаттар сенім үдесінен көрінеді деп сенеміз!

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>