🌫️
-5°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаевта Республика күніне орай ерекше мерекелік іс-шаралар өтті

    25.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Қонаевта Республика күніне орай ерекше мерекелік іс-шаралар өтті
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Қонаев шаһарында Республика күніне орай мыңдаған тұрғын мен қала қонақтарын тамсандырған мерекелік шара өтті. Орталық алаңда эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, патриоттық әндер, тыңдарманның жүрегінен орын алған танымал әуендер шырқалды. Шараның ең әсерлі тұсы, қала аспанын түрлі-түсті шаммен көмкерген дрондар шоуы болды. Мұндай шоу Қонаев қаласында бірінші рет өткізіліп тұр.

    Әуеге көтерілген 500 дрон түрлі бейнеге еніп, ел тарихы мен өңір ерекшелігінен сыр шетті. Қазақстан Туы, киелі домбыра, Алматы облысының нышаны саналатын қар барысы, Алтын адам мен қып-қызыл апорт бейнесі, құттықтау жазбалары көрерменнің патриоттық сезімін оятып, еліне деген сүйіспеншілігін арттырды. Әсіресе ақырын басып, алға жылжып бара жатқан қар барысының көрінісі өңірдің де даму жолын, бағындырар белесін суреттегендей. Шоу аяғында мыңдаған көрермен көк аспанда дронмен жазылған Әнұран мәтіні мен желбіреген Көк Туға қарап, Мемлекеттік Гимнды шырқады.

    Қала тұрғыны Ақбота Жұмағазы: «Мұндай шоуды алғаш көруім. Әсем көріністер көздің жауын алып, көңілге ерекше қуаныш орнатты. Әсіресе Қазақстан Туы бейнеленгенде кеудемді мақтаныш сезімі кернеді», – деп өз әсерімен бөлісті.

    Осылайша орталық алаңға жиналған қауым керемет кештің куәсі болып, ән-жырдың әуезіне елітіп, әуеде қалықтаған ұлттық болмыстың көрінісін тамашалап, ерекше әсерге бөленді.

    Гүлзат Байқонысова

    Ұсынымдар

    Кәсіп иелеріне ескерту жасалды

    Кәсіп иелеріне ескерту жасалды

    2 months ago
    Ұлт күретамыры

    Ұлт күретамыры

    12 months ago
    Алматы облысында ауыл шаруашылығы техникасы паркі 6,5%-ға жаңартылады

    Алматы облысында ауыл шаруашылығы техникасы паркі 6,5%-ға жаңартылады

    9 months ago
    Жол қауіпсіздігі  талапқа сай ма?

    Жол қауіпсіздігі талапқа сай ма?

    12 months ago
    Мемлекет басшысы: «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізінің шығыс тармағы бойынша бірлескен бағдарламаны іске қосу маңызды

    Мемлекет басшысы: «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізінің шығыс тармағы бойынша бірлескен бағдарламаны іске қосу маңызды

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>