⛅
5°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қос нысан ел игілігіне берілді

    25.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Қос нысан ел игілігіне берілді
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Жамбыл ауданында Республика күні қарсаңында екі бірдей әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Қарасай ауылында медициналық қосын, ал Мәтібұлақта Мәдениет үйінің ашылу салтанаты болды. Шалғай ауыл тұрғындарының қуанышына Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас ортақтасты.

    Қарасай ауылы – үлкен жолдан қалтарыста жатқан шағын елдімекен. Осы күнге дейін тұрғындары 1960 жылы салынған ескі ғимаратта ем қабылдап келген. Енді, міне, заманауи үлгіде бой көтерген сәулетті жаңа нысанда сапалы қызмет алуға мүмкіндік туып отыр. Аудан әкімі Нұрлан Ертас ауыл тұрғындарын Республика күнімен бірге келген қуанышпен құттықтады:
    – Айтулы мереке қарсаңында мерейлі сәтке куә болып отырмыз. Бұл – Мемлекет басшысының бастамасымен ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға бағытталған нақты қадамдардың бірі, яғни «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жоба. Шағын ауылда осындай заманауи әлеуметтік нысанның бой көтеруі – сіздердің ақ пейілдеріңіздің, ауыл ақсақалдарының батасының қабыл болғанының айғағы. Елдің еңсесі биік, бірлігі берік болса, осындай игілікті істер де баянды болмақ. Әрбір азаматтың денсаулығы – қоғамның басты байлығы. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында ауылдағы өмір сапасы жақсарып келеді. Жаңа медициналық қосын құтты болсын! Ауданымыздың айбыны артып, ырысы мен берекесі таси берсін! – деді аудан басшысы.
    Медициналық қосынның жалпы құны – 123 миллион 846 мың теңге. Құрылысты «Тунас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сапалы атқарып шықты. Жаңа нысан толықтай заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда фельдшер мен кіші мейірбике ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
    Биыл Жамбыл ауданында 16 медициналық нысанның құрылысы басталып, соның жетеуі пайдалануға берілді. Олар Айдарлы, Ашысу, Қопа, Саурық батыр, Көкдала, Қызыләскер, Сұңқар және осы Қарасай ауылдарында. Қалған сегіз нысан осы жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.
    Сол күні шалғайдағы Мәтібұлақ ауылында жаңа Мәдениет үйі есігін ашты. Аудан басшысы Нұрлан Ертасұлы мәтібұлақтықтарды да арнайы барып құттықтап, ғимарат лентасын ауыл ақсақалдарымен бірге қиды. Шараға жергілікті атқарушы органдардың өкіл­дері, мәдениет саласының қызметкер­лері, жастар және ауыл тұрғындары қатысты.
    Салтанатты жиында Мәтібұлақ ауылдық округіне қарасты Таңбалытас ауылындағы «Жартас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Марат Мырзағалиұлы, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Мұрат Сакиев тұрғындар ризашылығын жеткізді. Ғимараттың құрылыс жұмысын жүргізген мердігер мекеме өкілі Мәдениет үйінің директоры Темірхан Мүкеевке нысанның нышан кілтін тапсырды. Ауыл ақсақалы Ержігіт Иманхалықұлы көпшілікке ақ батасын берді. Әжелер шашу шашып, қонақтар ғимараттың ішін аралап көрді. Соңынан аудандық «Сүйінбай сазы» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті тамашаланды.
    Бұл нысан ауылдағы мәдени және қоғамдық өмірдің орталығына айналып, тұрғындардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, концерттер, үйірмелер мен түрлі мәдени іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді. Аталған жобалар – ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі. Республика күніне орайлас өткізіліп отырған шаралар – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің, тұрақты дамуының көрінісі!

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Қарымды қаламгер құрметтелді

    Қарымды қаламгер құрметтелді

    3 months ago
    Қонаевта «AMANAT» партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы өтті

    Қонаевта «AMANAT» партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы өтті

    8 months ago
    Мемлекет басшысы: Қазақстан «Түркі мемлекеттері ұйымы+» форматын құру идеясын қолдайды

    Мемлекет басшысы: Қазақстан «Түркі мемлекеттері ұйымы+» форматын құру идеясын қолдайды

    4 months ago
    Жастарға жол ашады

    Жастарға жол ашады

    2 months ago
    Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

    Мемлекет басшысы: Өзбекстан Президентімен келіссөзде саяси және экономикалық байланыстарды жандандыратын жаңа бағыттар айқындалды

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>