⛅
9°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Құрылыс барысымен танысты

    30.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Құрылыс барысымен танысты
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев іссапармен Іле және Қарасай аудандарына барып, ондағы жаңадан салынып жатқан нысандар – мектеп, тұрғын үй мен болашақ зауыт алаңы жұмысымен танысты. Ең алдымен Іле ауданы Н.Тілендиев ауылындағы «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген мектепке табан тіреді.

    Облыстық білім басқармасының басшысы Арайлым Төлеубекованың айтуынша, аталған жоба аясында 17 мектеп салынып біткен. Жыл соңына дейін Талғар ауданында 4, Еңбекшіқазақ ауданында 2, Іле, Алатау, Қарасай аудандарында бір-бірден, барлығы 9 мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілмек. 2023 жылдан бері үшауысымды 53 мектеп болған болса, аталған нысандардағы жұмыс аяқталса, олардың саны 23-ке қысқарады.
    «Н.Тілендиев ауылындағы мектеп – 900 орынды. Осы ауылда 600 орынды білім ошағы бар, қазір онда 1800-ден астам бала үшауысымда оқып жатыр. Мектеп құрылысы аяқталғанда ондағы жарты оқушыны, қызметкерлерді жаңа нысанға көшіреміз. Мектеп заманауи талаптарға сәйкес жобаланған. Кең кабинеттер, зертханалар, акт және спорт залдары, 250 балаға арналған асхана бар», – деді Арайлым Ақсубайқызы.
    Білім беру ордасындағы құрылыс барысы туралы учаске бастығы Жалын Ынтықбаев айтып берді. «Мектеп құрылысы 2023 жылдың қыркүйегінде басталды, осы жылы қараша айының соңында бітеді деп жоспарланған. Жалпы ауданы – шамамен 5 мың шаршы метр. Қазіргі таңда 140 адам еңбек етуде», – деді ол.


    Облыс әкімі Марат Елеусізұлы жұмыс қарқыны баяу жүріп жат­қанына ескерту жасап, тапсырыс беруші «Самұрық-Қазына» және мердігер «EXCLUSIVE Construction» компаниясына құрылыс сапасы мен нысанды мерзімінде тапсыру жөнінде тапсырма берді.
    Келесі кезекте Қараой ауылындағы жеке инвестор есебінен салынған әлеу­меттік осал топтағы жандарға берілетін тұрғын үй құрылысына атбасын бұрды. Жоба осы жылдың шілде айында басталған, желтоқсанда толығымен аяқталады деп күтілуде. Инвестиция сомасы – 3, 3 млрд теңге. Тұрғын үй саны – 114. Әр үйде төрт бөлмелі 2 пәтер, әрқайсысына 4 сотық жеке жер учаскесі қарастырылған. Жеке инвестор Ұлан Солтанбековтің айтуынша, құрылыс­қа байланысты мәселе жоқ. Үйлер жылу сақтайтын және дыбыс өткізбейтін материалдардан салынған. Инженерлік желілер жүргізілген, сонымен қатар қиыршық тастар төселуде. Инвестор алдағы уақытта балалар алаңын орнатуды жоспарлап отыр. Аудан әкімдігі жобаның 30 үйіне 50 пайыз төлем жасалғанын, ал оны жалғастыру үшін келесі жылы қосымша қаржыландыру қажет бола­тынын жеткізді.

    Сапар Қарасай ауданы Елтай ауылдық округі маңындағы «Jiang nan Kazakhstan» ЖШС іске асырып жатқан сэндвич-панельдер, алюминий бұйымдар және кабель-құралдар өндірісінің, сондай-ақ көтерме сауда орталығының индустриялық-логистикалық алаңында жалғасты. Жоба құны – 50 млрд теңге, 2025–2027 жылдар аралығында салынып бітеді деп жоспарланған. Өндіріс іске қосылғаннан кейін 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ ішкі нарыққа, ТМД елдеріне және Қытайға тауар жеткізумен де айналысады.
    Соңғы нысан Қарасай ауданы Бұлақты ауылындағы 900 орынды мектеп құрылысы болды. Қазір мұнда 110 адам екі ауысыммен еңбек етуде. Бұл білім ошағы да «Келешек мектептері» бағдарламасы бойынша салынуда. Құрылыс соңғы кезеңге жақындағанымен, трансформаторлық қосалқы стансаны көшіруге байланысты электрмен қамтамасыз ету мәселесі әлі шешілмеген.
    «Білім ошағы жаңа жұмыс орын­дарын ашуға және заманауи оқыту жүйесін қалыптастыруға септігін тигізеді. Оқушылар мен мұғалімдер жаңа әрі жайлы орынға көшуді асыға күтуде», – деген Марат Сұлтанғазиев жауапты мекемелерге электрмен қамтамасыз ету мәселесін жылдам шешуді тапсырды. Мектеп құрылысы аяқталып, қолданысқа берілсе, Қарасай ауданындағы үшауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілмек.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Іле, Қарасай аудандары

    Ұсынымдар

    АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

    АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ

    1 year ago
    Елімізде қайтарылған активтер есебінен 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

    Елімізде қайтарылған активтер есебінен 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

    5 months ago
    Жас көшет – көше көркі

    Жас көшет – көше көркі

    7 months ago
    Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу

    Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу

    2 months ago
    Талғар ауданында 32 елдімекенге газ тартылған

    Талғардағы түйткілдер қашан шешімін табады?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>