⛅
-2°C
Қонаев
Дүйсенбі, Желтоқсан 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Құтқарушыларға мың алғыс!

    13.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Қорғаныс
    Құтқарушыларға мың алғыс!
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Қонаев қаласында құтқару бөлімшелері жұмысының тиімділігін арттыруға арналған автомобильдер мен арнайы техниканың кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Дәурен Оразбеков, сондай-ақ сала қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

    Техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы аясында облыстағы төтенше жағдайлар бөлімшелеріне заманауи өрт сөндіру автоцистерналары, авариялық-құтқару автомобильдері, өтімділігі жоғары арнайы көлік, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын жоюға арналған жабдықтар берілді.
    Төтенше жағдайлар министрі азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі екенін атап өтті.

    – Құтқарушылардың басты міндеті – азаматтардың өмірін сақтап қалу. Бұл үшін оларға сенімді әрі заманауи құралдар қажет. Бүгінде арнайы техника кілттерін табыстау арқылы автопаркті жаңартуға ғана емес, өңірдің әрбір тұрғынының қауіпсіздігіне жол ашамыз. Енді құтқарушылардың жабдықталуы, жұмыс әдістері мен стандарттары республиканың барлық облысында бірыңғай болады, – деп атап өтті Шыңғыс Әрінов.
    Өз сөзінде Марат Елеусізұлы төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге бөлінетін қаражат жыл сайын артып келе жатқанын, биыл 2 млрд теңгеден асқанын айтты. Жыл басында Райымбек ауданы Нарынқол ауылында модульдік өрт сөндіру депосы ашылғанын, ал келесі жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін осындай тағы үш мекеме ашу жоспарланғанын атап өтті.
    – Жаңа техника қолжетімділігі қиын және таулы аудандарға жедел жетуге мүмкіндік береді. Төтенше жағдай қызметкерлері күн сайын қауіп-қатермен бетпе-бет келіп, адамдардың өмірін сақтап қалады. Сол үшін алғыс айта отырып, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, – деді аймақ басшысы.
    Бұдан кейін 26 бірлік заманауи автотехниканың кілтін тапсыру рәсімі өтті. Одан соң министр арнайы көліктерді зер сала қарап шығып, жеке құраммен әңгімелесті. Құтқарушылардың қиын әрі жанкешті қызметіне табыс тіледі.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Ұсынымдар

    Тоқаев: Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады

    Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары – Президент Жолдауының толық мәтіні

    2 years ago
    Облыс әкімінің  «Заңғар» жастар сыйлығы табысталды

    Облыс әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығы табысталды

    2 years ago
    ЖЕР — ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

    ЖЕР — ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

    9 months ago
    Алматы облысында жастар арасында зиянды әдеттерге қарсы «SAQTAN» жобасы іске асырылуда

    Алматы облысында жастар арасында зиянды әдеттерге қарсы «SAQTAN» жобасы іске асырылуда

    4 weeks ago
    Бірлесе көтерген жүк жеңіл

    Бірлесе көтерген жүк жеңіл

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>