☀️
4°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қылқаламнан қуат алған

    11.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Қылқаламнан қуат алған
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Олар оқыған кәсіби суретші емес. Жаратқанның бойына берген қабілетінің арқасында қылқаламды жанына серік еткен жандар. Әкелі-балалы Қалшаевтарды Қарадаладағы жұртшылық жақсы таниды. Екеуінде де бір арман болған. Танымал суретші болсам деді. Екеуі де сол арман жолынан алыс кетті. Бірақ бойдағы буырқанған талант тас жармай қоймасы анық.

    Нұркамал ағамыз Қарадалада ержетеді. Барлық ауыл баласындай мал бағып, тау-тасты кезеді. Бірақ ол ойын қуғанды емес, сурет салғанды серік етті. Тауға мал бағып шықса да, жанынан қағазы мен бояуын тастамай, тамаша табиғатты бейнелегенді ұнататын. Сұлулыққа сұқтана қарап отырып, соны суретшінің қиялымен бейнелейтін. Орта білім алып, Алматыға суретші болсам деген арманмен аттанды. Әлемдік деңгейдегі Илья Репин, Марио Кортиелло, Стефано Бруцци сияқты қылқалам шеберлерінің өнеріне қызыға қарайтын. Бірақ бәрі біз ойлағандай болмасы белгілі. Оқуға түсе алмай, арманы алыстай береді. Әскерде жүргенде мұның суретші екенін білген командирлер қабырға газетін шығартып, түрлі ұрансөздер жазғызатын.
    Бала кезден түрлі сурет байқауына өзінің туындыларын жолдайтын еді. Десе де, солардың бірінен де орын алмағаны жанына қатты бататын. Ақыры «Менен суретші шықпайды екен» деп Алматыдағы Қазақ дене шынықтыру институтына оқуға түседі. Жоғары білім алып келген соң, Шонжыдағы №4 орта мектепке дене тәрбиесі пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастайды. Бұл білім ордасында зейнетке шыққанша жұмыс істеді. Мектептегі түрлі шарада безендіру жұмысы Нұркамал ағаға жүктелетін. Келе-келе мереке сайын әрбір мекеме оған тапсырыс беретін. Балалары да әкесімен бірге жүріп, қылқаламға қызықты. Әсіресе кіші қызы Мәдина мен ұлы Жәнібек суретшілікке ден қойды. Бірақ ата-ана ұлының бұл саланы таңдауына қарсы болған екен.
    90-жылдардағы қиын кезең елдің есін аударып, қара қазан, сары баланың қамы үшін тентіретіп жіберді. Нұркамал да мектептегі мардымсыз жалақыға жан баға алмаған соң, қалаға құрылысқа жұмыс істеуге кетеді. Ол кезде де шаршағанын, уайымын суретпен жуып-шаятын еді. Бір күні айна алдында отырып, өзінің портретін салып шықты. Сол сурет үйінің төрінде әлі тұр. Жасы 66-ға келгенше ол небір туындыларды дүниеге әкелді. Ал үйдегі салынған суреттерді қалаған жандар алып кете беретін. Тіпті ағаштан мүсін ойып та көрді. Онысы да көп сұранысқа ие болды. Достарының, туыстарының қуанышына сыйға тартты.
    Жәнібек қазір Шонжыдағы Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектепте химия пәнінен сабақ береді. Бірақ тасыған талант оны да суретшіліктен алшақтатпады. Арнайы курстар оқыды. Білімін жетілдірді. «Өрлеу» инттеллектуалды өнер-білім орталығында да дәріс береді. Бүгінде бейнелеу өнеріне бейімі бар 80-нен астам шәкірт тәрбиелеп отыр. Заманның талабына сай граффити, яғни қабырғаға сурет салуға да машықтанып алған. Аудан мектептерінде оның туындылары алыстан менмұндалайды. Жәнібектің қызы Раяна да қылқалам өнеріне бейім. Жуырда өткен республикалық байқауда бірінші орынға ие болып келіпті.
    Бар ғұмырын ұстаздық жолға арнаған Нұркамал ағамыздың жары Камила тәтеміз де – ұлағатты ұстаз. Екеуі екі қыз, екі ұл тәрбиелеп, қанаттандырды. Қызы Мәдина Талдықорған қаласында тұрады. Балабақшада – тәрбиеші. Бірақ ол да әр шараның көркін келтіріп, түрлі кескіндер мен суреттер салып, өз талантын тасада қалдырмай келеді.
    Атаның арманы болған, әкенің әлемі болған сурет өнерінің майталманы атану енді бұл отбасындағы кішкентай Раянаға бұйырса екен деген тілек бар. Өйткені 7 жастағы кіп-кішкентай талдырмаш қыздың бүгінгі күндегі талғаммен салынған суреттері көздің жауын алады. Көптің көңілінен шығып жүр. Енді Раянаны арманы алдамаса екен.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Үкімет: Шаруаларға арналған дизель отыны әзірге қымбаттамайды

    Үкімет: Шаруаларға арналған дизель отыны әзірге қымбаттамайды

    3 years ago
    СДУ студенттерімен семинар-тренинг өтті

    СДУ студенттерімен семинар-тренинг өтті

    12 months ago
    Жаңа зауыт салынады

    Жаңа зауыт салынады

    1 year ago
    Жеке медициналық кітапшалар енді HR Enbek порталында онлайн режимінде қолжетімді

    Жеке медициналық кітапшалар енді HR Enbek порталында онлайн режимінде қолжетімді

    9 months ago
    Даму қарқыны жоғары

    Даму қарқыны жоғары

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>