⛅
9°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мәдениет айнасы

    25.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Мәдениет айнасы
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласында Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Тазалық – тәртіп пен мәдениеттің айнасы» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

    Акция тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға, елдімекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрақты даму саласындағы мемлекеттік саясатты қолдауға бағытталған. Іс-шараға 50-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында жастар ұйымдарының өкілдері, қоғам белсенділері және спорт саласының қызметкерлері болды. Акцияға қатысушылар елдімекен аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды ұқыпты пайдалану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.
    Шара барысында Қарасай аудандық мәслихат депутаты Бекжан Сунбеков сөз алып, экологиялық мәселелерді шешуде қоғамдық белсенділік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті:
    – Бүгінгі тазалық акциясы – қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің көрінісі. Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, туған жеріміздің көркеюіне үлес қосады. Әрқайсымыз тазалыққа атсалыссақ, ауданымыз да, еліміз де таза әрі әдемі болады, – деді депутат.
    Бұл күні атқарылған жұмыстың нәтижесінде шамамен 2 тонна қоқыс жиналып, 8-ден астам техника жұмылдырылды. Мұндай экологиялық іс-шара алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

    Қуат Әбіл
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қала көркін аша түсті

    Қала көркін аша түсті

    4 months ago
    Тазалыққа шақырды

    Тазалыққа шақырды

    2 years ago
    100-ден астам ағаш отырғызылды

    Алматы облысында 1500 гектар аумақта 3,3 млн ағаш отырғызылады

    1 year ago
    Қазақстанда «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-портал іске қосылды

    Қазақстанда «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-портал іске қосылды

    10 months ago
    Баспасөздің бәсі биік

    Баспасөздің бәсі биік

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>