☀️
8°C
Қонаев
Жұма, Қазан 31, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Несиелеу талабы түсіндірілді

    29.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Несиелеу талабы түсіндірілді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Кеңдала – 2026» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арналған жеңілдікті несиелеу бағдарламасының талабы түсіндірілді. Осыған орай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы Алмас Ақылбеков және аграрлық несие корпорациясы Алматы филиалы директорының орынбасары Нұрмәди Әлібаев баяндама жасады.
    Облыс бойынша егін жинау науқаны аяқталуға таяу. Қазір жүгері мен май бұршақтан басқа дақылдар толық жиналды. Диқандар еңбегінің арқасында биыл ауыл шаруашылығы жұмысы өз дәрежесінде жүзеге асырылып, аймақтың азық-түлік қоры қалыптастырылды, – деді егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы.
    Баяндамашылардың айтуынша, Мемлекет басшысы осыған дейін де Үкімет пен қаржы институттарының алдына күзгі егін жинау мен көктемгі егіс жұмысын уақытылы жүргізу жөнінде нақты міндет қойған. Онда фермерлерді қажетті қаражатпен қамту да тапсырылған. Бұл міндетті іске асыру мақсатында «Кең дала» несиелік бағдарламасы аясында облыстың ауыл шаруашылығы саласына 6,5 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілген.
    Қолдау шараларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу нәтижесінде «Кеңдала – 2» бағдарламасы былтырғыдан бір ай бұрын іске қосылған. Ол арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егін егудің жаңа маусымына ерте қамдануларына мүмкіндік ашылмақ. Аталмыш бағдарлама аясында қазан айынан бастап аграрлық несие корпорациясы арқылы өтінімдер қабылдануда. Бұл несиенің тиімділігі – жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде сақталады. Қаржыландыру аграрлық несие корпорациясының филиалдары мен серіктес қаржы институттарының желісі арқылы жүзеге асырылады. 2022 жылы «Кең дала» бағдарламасына 140 млрд теңге бағытталса, 2024 жылы 321,5 млрд теңге қаржы қарастырылған. Ал биыл 700 млрд теңгеден асқан, – деген Алмас Азаматұлы «Кең дала – 2» бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін фермерлер аграрлық несие корпорациясына жүгіне алатынын хабардар етті.
    Келесі кезекте сөз алған Нұрмәди Нұрланұлы агроқұрылымдар үшін көктемгі егіс жұмыстарына уақытылы дайындалу аса маңызды іс екеніне тоқталды.
    Біздің басты мақсатымыз – қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін қалыптастыру арқылы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытуға жәрдемдесу. Корпорация 2025 жылдың 1 қазанынан бастап «Кең дала – 2» негізгі бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастады. Демек, бағдарлама былтырғыға қарағанда 1 ай бұрын іске қосылды. Ол арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жаңа маусымға дайындалуға қосымша уақыт берілуде. Ерте қаржыландыру механизмі алғаш рет 2024 жылдың қараша айының соңында іске қосылды және бірден жоғары сұранысқа ие болды. Сол кезде корпорация 100 млрд теңге бөлді. Бұл бастама фермерлердің оң бағасын алды және биыл оның ауқымы айтарлықтай кеңейе түскен. «Кең дала – 2» бағдарламасы 18 айға дейінгі мерзімде беріледі, яғни қарыз алушы қаражаттың 50%-ын келесі жылдың 1 наурызына дейін өтейді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және ҚР Үкіметінің қолдауымен несие сомасын ұлғайту туралы шешім қабылданған, –деді Нұрмәди Әлібаев.

    Өз тілшіміз

    Ұсынымдар

    NEET санатындағы жастар арасында өткен үстел теннисі турнирі мәресіне жетті

    NEET санатындағы жастар арасында өткен үстел теннисі турнирі мәресіне жетті

    5 months ago
    Маржан Омарова

    Ірі кәсіпорындар АЭС салуға қарсы емес

    1 year ago
    Үнемдеген ұтады

    Үнемдеген ұтады

    1 year ago
    Оятып ойдың зердесін

    Оятып ойдың зердесін

    1 year ago
    «Oceanman Kazakhstan» – жастардың үлкен спортқа жолын ашады

    «Oceanman Kazakhstan» – жастардың үлкен спортқа жолын ашады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>