⛅
18°C
Қонаев
Сенбі, Қазан 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өнер өрінде, туған жер төрінде

    театр қайраткері Бекжан Тұрыс 60 жаста!

    14.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мерейтой
    Өнер өрінде, туған жер төрінде
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Теледидардан Ақылбай қарияның ақылын тыңдап өскен ұрпақпыз. «Ұят болмасынның» қазына қарты – немереге өсиетін айтып, келінге келісті кеңесін беріп, ұлына ұлағатты сөзін арнаған ақсақал. Сол Ақылбай қарт болып танылған Бекжан Тұрыс – Қарадаланың тумасы. Елге етене жақын, өнердің өріне шыққан белгілі театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс биыл асқаралы 60 жасқа толды. Мерейтойын атап өтуді туған жерінен бастады.

    Бекжан Асаубайұлының туып-өскен жері – Шошанай ауылы дүбірлі тойға ерекше дайындалды. Қашанда ұйымшылдық пен бірліктің үлгісін көрсетіп жүретін шошанайлықтар бұл жолы да Алаштың азаматы болған атақты жерлесінің мерейлі тойына тікеден-тік тұрып қызмет етті. Алматы қаласынан ат арылтып келген М.Әуезов атындағы драма театр әртістерін шашу шашып, қымыз-қымырандарын ұсынып, қазақтың қонақжайлылығын танытып күтіп алды.
    «М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымдарының кандидаты Еркін Жуасбек, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы-режиссері Әубәкір Рахимов, аталмыш театрдың актерлері Мұрат Нұрәсілов, Болат Әбділманов, Азат Сейтметов, Омар Қиқымов, Данагүл Темірсұлтанова, Гүлшат Тұтова, Шынар Асқарова, Ерлан Біләл, Дулыға Ақмолда, Асылбек Боранбайлар Бекжан ағамыздың тойына арнайы қонақ болып келді. Шошанай орта мектебінде мерейтой иесіне арналған арнайы бұрыштың лентасы қиылды. Бекжан Тұрыстың өнер жолы, айтулы тұлғалардың актер жайындағы кестелі сөздері жазылған бұрыш білім ордасының оқушылары үшін – үлгі, өнеге. Мектептің спорт залы да Бекжан ағаның өмір жолы, өнер жолынан ақпарат беретін дүниелермен безендірілген. «Сахна тарланы – туған ел төрінде» атты мектеп ұстаздары мен оқушыларының ұйымдастыруымен өткен шара кәсіби актерлардың өзін таң-тамаша етті. Мектеп қабырғасындағы шәкірттердің Бекжан ағаның балалық шағынан қойылған қойылымы да, оқушылардың әуелете салған әндері де, толқи оқыған жыр жолдары да, тіпті ағаларына арнап жазған өлеңдері де көптің көңілін көкке көтерді. Бұл кеште Бекжан Тұрыстың ұстаздары жылы лебізін арнап, өнерге бала кезден қалыптасқанын сөз етті. Ал әріптестері болса Бекжан тек сахна үшін жаралған жан екенін, оның сахнаға шыққан кездегі арқасы қозып, жан-жағындағының бәрін ысырып қойып, рөлге шын беріле ойнайтыны дәлел бола алады десіп жатты. Бекжан өнердің шыңына шыққан жан ғана емес, қайда жүрсе де ауылын, туған жерін ойлап, ондағы ағайын-туыс пен бауырдың қамын күйттеп жүретінін тебірене айтты сөз алушылар. Қу дүниені қуған бұл заманда өзінің емес, елінің жайын ойлаған Бекжан Асаубайұлы ауылына ауызсу тартқызуға, мешіт салуға, саябақ жасауға өзінің үлесін қосқанын мақтанышпен айтты. Қайда жүрсе де, аядай Шошанайын ауыздан тастамайтын тау тұлғаның жақсы істерін ел айтты. Елім деген ерді бұл күні елі төбесіне көтерді. Артынан ерген сыйлас інілері бастаған бір топ азамат автокөлік сыйласа, ауылдастары, ағайын-туысы астына тұлпар мінгізді. Ағамыздың асылдығы болар, бұл күнгі бір тұлпарды өнер адамдарының ішіндегі жасы үлкені Мұрат Нұрәсілов мініп қайтты. «Бекжаным үшін келген едім. Сый аламын, ат мінемін деп емес. Алғысым шексіз. Бекжандай азаматы бар ел бақыттысыздар», – деп көңілі босап, Мұрат ағамыз лебізін білдірді бұл тұста. Бекжан ағаның 60 жылдық мерейтойымен орай дәл осы күні Шошанай ауылында спорт кешенінің алғашқы іргетасы құйылды. Бұл да ағамыздың абыройы арқасында кәсіпкер інілерінің демеушілігімен салынғалы жатқан кешен. Ұлы тойдың алғашқы күні Шошанай жұрты аста-төк дастарқан басында аяқтады.
    Аудан орталығы Шонжыдағы мерейтой иесінің құрметіне арналған жиын Әлмерек бабаның басына гүл шоқтарын қоюмен басталды. «Қарадаланың төрінде қара халықтың батасын алып, өніп-өскен осы аймақтың бір перзенті Бекжан Тұрыс дейтін қазақтың қайсар мінезді азаматы 60-қа толып отыр. Әуезов атындағы театр келесі жылы жүзінші маусымының шымылдығын ашса, Бекжанымыз өзінің алпысын халқының ортасында атап өтіп, кеше өзіне тәй-тәй айтып жетектеген елінің алдында жеткен жеңісін, қазақтың өнеріне сіңірген еңбегін көрсетіп, есеп беру үшін үлкен жиын өткізіп отыр. Біз киелі, қасиетті ұғымға бас иіп үйренген елміз. Елді тәртіпке келтірген, жерді қорғаған кешегі Алаштың ұлы батыры Райымбекке батасын беріп, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай секілді ұлы батырларын қатарға тұрғызған, өзінің иесімен, киесімен осы жерді сақтаған Әлмерек бабамыздың ұлы тұлғасының алдына бәріміз Бекжанға еріп келіп отырмыз. Бүгінгі той иесін құрметтеп, өнердің туын көтерген әріптестеріне қуаныштарың құтты болсын дегіміз келеді», – деді Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Нұрлан Оразалин баба басында тұрып. Бұл күні Бекжан ағаны құрметтеп берісі Алматы, арысы Астанадан келген сахна саңлақтарының санында шек болмады.
    Аудандық Мәдениет үйінің алдында жиналған ағайын актерге ақ тілегін жаудырды. Аудан тұрғындары атынан аудан әкімі Бота Елеусізова арғымақ аттың тізгінін ұстатты. Дүниелік азыққа емес, рухани азыққа жаны құштар ағамыз бұл тұлпарды да өзінің елге танымал болуына ықпал еткен, рөлдерін сомдатқан режиссер Әубәкір Рахимовқа мінгізіп жіберді.
    Ал Мәдениет үйінде қойылған көрмені тамашалаған соң, жиналған жұртшылық көрермен залын толтырды. Ең әуелі Бекжан ағамыз басты рөлдерді сомдаған «Абай», «Сыған серенадасы» спектакльдерінен үзінділер қойылды. Рамазан Стамғазиев, Ұлту Қабаева, Саят Медеуов, Салтанат Бақаева, «Алатау серілері», Әсет Есжан сынды эстрада жұлдыздары аға тойына арнайы келіп, әннен шашу шашты. Мерейтой иесінің құрметіне жолданған ҚР Парламенті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың, Президент көмекшісі Арман Қырықбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың құттықтауларын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан ресми түрде табыстаса, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауы да салтанатты түрде табысталды.
    Алқалы жиын барысында ел ағалары, өнер адамдары, әріптестері, жалпы тойға тілекші болып келген көпшілік сөз сөйлеп, өнер иесіне деген ыстық лебіздерін жеткізді. Жарас Сәрсек, Бақыт Беделхан сынды ұлт руханиятының көшінде бірге жүрген жерлес інілері жыр арнады. Ал кешті жүргізген ақын Бақыт Жағыпар жүрісінен жаңылмаған жүйріктей сахнада құйылта сөйлеп, актер тойын арындата жүргізді.
    Бұл күні аудан тұрғындары үшін «Бес бойдаққа бір той» комедиясы қойылды. Ақылбай болып ақылмен арындататын, Шәмші болып әнімен тербететін, Жиренше болып, төрелікке тартатын, Үкілі Ыбырай болып өткенге жол тартқызатын Бекжан Тұрыс бұл күні рухани азыққа шөліркеген көрерменін Қырманбай болып, күлкіге қарқ етті.
    «Өмір – рөл емес, бірақ әр рөл – өмір» дейді актер Бекжан Тұрыс. Енді бірде «Мен үшін басты рөл де, эпизодтық рөл де бірдей. Өйткені ол – менің жаныммен қалап, сүйген кәсібім. Кішкентай ғана эпизодтық рөлмен-ақ сахнада жарқырай көрініп, көрерменнің есінде қалуға болады», – деген еді Бекжан аға. Иә, өзі сомдаған әр рөлімен өнердің көш басында, ал өмірдегі рөлімен халықтың ортасында жүрген Бекжан Тұрыстың 60 жылдық мерейтойы осылайша туған жер төсінде дүбірлеп өтті.

    Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Жүйесін тапқан жұмыстар журналистер назарынан тыс қалмады

    Жүйесін тапқан жұмыстар журналистер назарынан тыс қалмады

    5 months ago
    Тасқын шығыны өтелетіні көңілге демеу

    Тасқын шығыны өтелетіні көңілге демеу

    2 years ago
    Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау науқаны өтті

    Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау науқаны өтті

    2 years ago
    «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ – 2024» байқауына өтініш қабылдау басталды

    «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ – 2024» байқауына өтініш қабылдау басталды

    1 year ago
    Шәкірт жеңісі – ұстаз жемісі

    Шәкірт жеңісі – ұстаз жемісі

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>