[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өткенге тағзым, ұрпаққа өнеге

    16.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Өткенге тағзым, ұрпаққа өнеге
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Тау алыстаған сайын биіктей түседі. Осы бір сөз халқына қалтқысыз қызмет еткен тұлғалардың асқақ бейнесін көз алдыңа келтіреді. Уақыт көші алға жылжыған сайын есіл ерлердің есімі асқақтап, ел-жұрты оларды емірене еске алады. Мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов сондай дара тұлғалардың бірі һәм бірегейі еді. Көзі тірісінде мемлекетіміздің гүлденуіне зор үлес қосты. Ұлт болашағы үшін аянбай тер төкті.

    Өмірі өнегеге толы болған заманның заңғары қарапайым қазақ баласының мүддесіне келгенде аянып қалмады. Адалдықты, әділдікті ту еткен қайрат­кердің рухына тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың парызы. Осы орайда Кеген ауылында мемлекет және қоғам қайрат­кері Заманбек Қалабайұлы оқыған Ө.Жаңабаев атындағы білім ордасына мемориалдық тақта орнатылып, ашылу салтанаты өтті.
    Мемориалдық тақтаны ашу рәсімін ақын Нұрлан Оразалин, қоғам қайраткері Стақан Белғожаев, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев атқарып, гүл шоқтарын қойып, қайраткердің рухына тағзым етті.
    Ақ жаулықты аналар шашу шашып, тау тұлғаның асқақ бейнесін көрген жұрт ерекше тебіренді. Бұл – еліміздің тарихында терең із қалдырған тұлғаның есімін мәңгілікке есте сақтап, бүгінгі жастарға өнеге етіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылып отырған игілікті іс.
    Алғашқы болып сөз сөйлеген аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы:
    – Заманбек Қалабайұлы – халқына қалтқысыз қызмет еткен, елі мен жерінің өркендеуіне бар саналы ғұмырын арнаған ұлы тұлға. Ол қай істе де әділдігімен, батылдығымен, ел мүддесін бәрінен жоғары қойған азаматтығымен ерекшеленді. Тәуелсіздік жылдарының алғашқы кезеңдерінде ел игілігі үшін шешуші бастамаларды көтеріп, олардың жүзеге асуына ұйытқы болған қайраткерлердің бірі болды. Ұлттың болашағына бағытталған саналы шешімдер қабылдай отырып, қоғам алдындағы жауапкершілікті толық сезініп, елі үшін аянбай еңбек етті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туған жеріне ескерткіш және Алматыдағы тұрған үйіне ескерткіш-тақта орнату туралы ұсыныс айтқан болатын.

    Соның негізінде бүгін Кеген ауылы­ның Балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі беріліп, мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, материалдық базасы толықтырылып, заман талабына сай жаңарды. Өнер мектебінің аумағында ескерткіш-бюсті орнатылды. Заманбек Қалабайұлының жүріп өткен жолы, халқына істеген жақсы­лығы әрдайым жүрегімізде сақталады. Біз бүгін Заманбек Нұрқаділов­ке арналған мемориалдық-тақтаны ашу арқылы оған деген құрме­тімізді білдіреміз. Бұл кейінгі ұрпаққа өнеге, тарих алдындағы тағзым, – деді.
    Келесі кезекте сөз алған қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин:
    – Ерекше, асқақ тұратын тұлғалар болады. Сол тұлғаны туған топырақ, жаратқан орта болады. Міне, Кеген ауданы сондай киелі жер. Заманбек Нұрқаділовпен жарасып қатар жүрге­німізбен, бір дәуірдің аумалы-төкпелі кезеңін бірге көргенімізбен, ол халқының жүрегіндегі бүгінгі бейнесін, бағаланған сәтін көзімен көріп, санасымен сезіне алмай кетті. Зәкең қиындықты да көрді, әділетсіздікті де бастап өткерді, – деген қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин Заманбек Қалабайұлының жастайынан халыққа қызмет етіп, елі үшін атқа қонған азаматтығын тілге тиек етті.
    Бұдан кейін сөз алған Стақан Белғожаев, шараны ұйымдастырушылар аты­нан Кеген қазақ орта мектебінің 1982 жылғы түлегі Гүлнара Әбдікерімқызы заңғар тұлға туралы жылы естеліктер айтып, мемориалдық тақтаның ашы­луына ұйытқы болған азаматтарға алғы­сын жеткізді.
    Одан кейін келген қонақтар Заманбек Қалабайұлы оқыған мектепті аралап көрді. Оқушылар өздерінің қоғам қайраткеріне арнаған өлеңдерін оқып, Заманбек Нұрқаділовтің өмір жолынан үзінділер келтірді. Осы мектепті үздік бітіріп, еліне қызмет еткен Заманбек Қалабайұлын ұстаздар мақтанышпен еске алып, ашық сабақ өткізді. Заманбектану үйірмесі қолға алынды.
    Шара соңында Заманбек Нұрқаділов атындағы Балалар өнер мектебінің өрендері өнерін паш етті.
    Заманбек Қалабайұлының іскерлік және қайраткерлік қырларына тоқ­тал­сақ, Алматы қаласының алғашқы әкімі болып тұрғанда ауыл қазақтарының алып шаһарға қоныстануына қолынан келгенше жағдай жасап, батыл шешім­дер қабылдады. Нәтижесінде «Думан», «Шаңырақ», «Әйгерім» сынды іргелі елдіме­кендер еңсе тіктеп, көптеген көше атаулары қазақшаланды.
    «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді?!» деп Ілияс Жансүгіров жырлағандай, Заманбек Қалабайұлының қызметтегі, қоғамдық жұмыстарда көрсеткен кәсібилігі мен батылдығы бүгінгі ұрпаққа үлкен үлгі болып қала береді. Бұл оның еліміз үшін жасаған ұлы істерінің нышаны, ұрпақтар үшін өлмес өнеге бола бермек.
    Ендеше, ашылып отырған ескерткіш-тақта ұлт ардақтыларына деген құрмет­тің көрінісі, өткенге тағзым, болашаққа аманат болмақ. Мектеп қабырғасына орнатылған ескерткіш-тақта жас ұрпақтың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілікті одан сайын арттыра түсетіні анық.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Облыста үш магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

    Облыста үш магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

    2 years ago
    Мәдениет, тәрбие, тағылым

    Мәдениет, тәрбие, тағылым

    5 months ago
    Қонаевта заңсыз ағаш кескендерге айыппұл салынды

    Қонаевта заңсыз ағаш кескендерге айыппұл салынды

    2 years ago
    Алматы облысында балық аулау маусымында 2 адам көз жұмған

    Алматы облысында балық аулау маусымында 2 адам көз жұмған

    2 years ago
    Өнерімен тәнті етті

    Өнерімен тәнті етті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>