Перейти к содержимому
Главная страница » Рух айнасы

Рух айнасы

      Талғар медициналық колледжінде «Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің мызғымас негізі» атты кездесу өтті. Шараны әлеуметтік тапсырыс аясында «Іле мұрагер» қоғамдық бірлес­тігі ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Мем­ле­кеттік рәміздерін қолданудың құқық­тық және нормативтік тәртібін түсіндіру, сондай-ақ жастар арасында рәміздерге деген құрмет пен пат­риоттық сезімді қалыптастыру мақ­сатында ұйымдастырылған шараға ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ-нің бас маманы, инспектор Дамир Отыншиев және Талғар аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Өркен Әбдібай қатысты. Олар Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Гимннің мәніне, оларды дұрыс қолдану ережелеріне, рәміздер арқылы ел бірлігі мен ұлттық сана-сезімді арттырудың маңызына тоқ­талды.
Кездесу барысында қатысушылар белсенділік танытып, көкейлеріндегі сауал­дарын жолдады. Бұл жас­тардың елдік мәселелерге бейжай қарамайты­нын, азаматтық белсен­ділігінің жоғары еке­нін аңғартты. Мұндай іс-шаралар – өскелең ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу­дің, ұлттық құндылықтарды дәріп­теу­дің маңызды құралы. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың парызы. Сол себепті мұндай кездесулердің мәні де, маңызы да ерекше.

Қымбат Құрманжанова,
«Іле мұрагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Талғар ауданы