⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шекара шебінде

    25.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Шекара шебінде
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Республика күніне орай Қарасай ауданы Елтай ауылындағы мектеп оқушылары үшін тәрбиелік мәні зор, тағылымды шара өтті. Оқушылар Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының «Қаскелең» шекара бөлімшесіне арнайы барып, әскери өмірмен танысты.

    Аталған шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, Қазақстан Респуб­ликасының мемлекеттік шека­расын күзететін сарбаздардың еңбегін бағалай білуге үйрету, патриот­тық тәрбиені нығайту. Сонымен қатар Республика күнін ерекше форматта атап өту арқылы жас ұрпаққа қасиетті мерекенің маңызын терең ұғындыру көзделді.
    Оқушылар әскери бөлімшенің ішкі құрылымымен, күнделікті тәртібімен, сарбаздардың қызмет барысымен және шекара күзетінде қолданылатын техникалармен танысты. Әскери қыз­метшілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, Отан алдындағы адал қызметтің маңыз­дылығы, шекараны қорғаудағы қырағылық пен жауапкершілік туралы әсерлі әңгімелер айтты.
    Шекарашылармен өткен кездесуде оқу­шылар өздерін қызықтырған сұрақ­тарын қойып, толық әрі нақты жауаптар алды. Әсіресе әскери киім үлгісі, байланыс құралдары мен патрульдік техника балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.
    Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында Отанға деген құрметті арт­тырып қана қоймай, әскери маман­дыққа деген қызығушылықты оятып, болашаққа бағыт береді. Бұл – мектеп қабырғасынан бастап патриоттық тәрбие берудің, азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудың жарқын үлгісі.
    Республика күніне арналған кездесу білім мен тәрбие, әскери рух пен елжан­дылықтың тоғысқан тұсы болды. Жас буын шекарашылардың қызметіне қарап, ел қорғаудың қанша­лықты абыройлы әрі жауапты іс екенін түсінді.
    Осындай мазмұнды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Себебі, елін сүйетін ұрпақ – тәуелсіз елдің тірегі.

    Қанат Советханов,
    ҚР ҰҚК Шекара қызметі облыстық департаменті Қарасай аудандық шекара басқармасы

    «Қаскелең» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары, аға лейтенант

    Ұсынымдар

    Елімізде биылғы ҰБТ басталды

    Елімізде биылғы ҰБТ басталды

    11 months ago
    Аудан әлеуеті артып келеді

    Аудан әлеуеті артып келеді

    11 months ago
    Жұмысшы мамандықтарының жылы: Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды

    Кәсіптік және техникалық білім беру мүмкіндіктері

    12 months ago
    Қоғамды қарыздан шығарудың жолдары

    Қоғамды қарыздан шығарудың жолдары

    1 year ago
    “Балалар кітапханасы” атты жаңа бағдарлама қолға алынады

    “Балалар кітапханасы” атты жаңа бағдарлама қолға алынады

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>