⛅
12°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қазан 29, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тарихи көше тұрғындары

    25.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Тарихи көше  тұрғындары
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Жамбыл ауданының Ақсеңгір ауылындағы Республика көшесіне асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Игілікті істің дәл осы мерекеге орай тиянақталуын тұрғындар жақсылыққа жорып отыр. Егемен еліміздің төл мерекесі қарсаңындағы айтулы оқиғаны көше тұрғындары ақ түйенің қарны жарылған күндей қабылдады.

    Республика көшесіндегі № 41 үй тұрғыны Аманжол Уәлиев көршілер ризашылығын бізге былайша жеткізді:
    – Ауылымыз көркейіп келеді. Жаңа үйлер көптеп салынып, керегесі кеңеюде. Бұл көше де кейінгі ширек ғасырға жетер-жетпес уақытта пайда болды. Сондықтан да мұндағы үйлердің бәрі жаңа. Мен де осыннан жер телімін алып, үй тұрғызып алғанмын. Оған да 20 жылдай болып қалды. Ал соңғы 3-4 жылда ауылда көптеген игілікті іс атқарылды. Орталықтандырылған су жүйесі іске қосылып, таза ауызсу тәулік бойы тоқтаусыз берілуде. Кезінде тұрғындар өз күштерімен орнатқан электр желісі қайтадан жаңалап тартылды. Табиғи газға қол жеткіздік. Енді, міне, мереке қарсаңында көшеміз толықтай асфальтталды. Осындай игіліктің барлығы мемлекеттің қаржысына жасалды. Біз бұған өте ризамыз. Ауылымыздың әкімі Ержан Әбдікерімұлының да өз міндетін дұрыс орындағанының нақты дәлелі осындайдан көрінсе керек, – дейді шаңырақтың отағасы, бес баланың әкесі Аманжол Жүкенұлы. Қырық үйлі көшенің белсенді тұрғындары Оралбек Жексенбайұлы, Тұрсын Рысбек және Жасұлан Отызбаев та осындай пікірде.
    Республика көшесінде халыққа қажетті инфрақұрылым толық қамтылған. Тұрғын үйге қажетті су жүйесімен, газ құбырымен, қолжетімді байланыс пен ақпарат үшін интернет желілерімен қамтамасыз етілген. Бұл көшеге 2021 жылғы 29 желтоқсанда облыстық ономастикалық комис­сиясының шешімімен Республика атауы берілген. Ақсеңгірдің негізгі көшелерінің біріне жататын Республика көшесінің ұзындығы – 740 метр. Ондағы жалпы тұрғындар саны – 112, аула саны – 35. Тұрғындары қарапайым және қонақжай. Көшеге жаңа асфальт жабындысы толықтай төселді, енді жол белгілерін орнату, жиегін көркейту жұмыстары атқарылады.
    Ақсеңгір ауылдық округінде 4 елдімекен бар. Ақсеңгір, Жайсаң, Көкдала ауылдары мен Жиренайғыр бекетіндегі жалпы халық саны – 5246 адам. Аудан орталығынан 50 шақырымдай қашық жатқан бұл аймақ өзіне тән табиғатының тазалығы, әсемдігі, ауа райының қолайлылығымен ерекшеленеді. Аталған елдімекендердің тұсынан Ақсеңгір өзені ағып өтеді. Шөбі шүйгін, топырағы құнарлы, мал шаруашылығына және егін шаруашылығына ыңғайлы мекен.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Ақсеңгір ауылы,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Көктемгі егіс науқаны

    Үкімет басшысы: Көктемгі егіс науқанына 140 млрд теңге бөлінеді

    3 years ago
    Тарихы терең мереке

    Тарихы терең мереке

    2 years ago
    ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРГЕН

    ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРГЕН

    6 months ago
    Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

    Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

    2 years ago
    Талғар ауданында қару ұстаған тұрғын ұсталды

    Талғар ауданында қару ұстаған тұрғын ұсталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>