⛅
18°C
Қонаев
Жұма, Қазан 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тереңкара өзенінің бойындағы жерлер рекультивацияланады: іс сотқа жолданды

    12.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Экология
    Тереңкара өзенінің бойындағы жерлер рекультивацияланады: іс сотқа жолданды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысының Іле ауданында Тереңкара өзенінің арнасына құрылыс және тұрмыстық қалдықтар төгілу фактілері анықталды. Бұл жағдай жергілікті билік назарынан тыс қалмады. Ащыбұлақ ауылдық округі әкімдігі заң бұзушылықты жою және жерді қалпына келтіру (рекультивациялау) бойынша материалдарды сотқа жолдауға дайындық жүргізіп жатыр.

    Мәселе алғаш рет 2024 жылы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Бахтияр Қасымбектің бастамасымен көтерілген болатын. Ол өзен арнасына жасалған заңсыз әрекеттерге байланысты бірнеше рет бақылаушы және экологиялық мекемелерге ресми хаттар жолдаған. Әкімнің табандылығының арқасында жағдайға бірқатар мемлекеттік органдар назар аударып, экологиялық заң бұзушылықтарға ресми баға берілді.

    Тексеру барысында Түймебаев ауылындағы жер телімінің иесі аумақты өз бетінше тегістеп, өзеннің табиғи арнасын ішінара жауып тастағаны анықталды. Мұндай әрекеттер өзеннің тереңдігі мен ағысын өзгертеді, ал бұл өз кезегінде экожүйеге және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

    Ащыбұлақ округі әкімдігінің мәліметінше, жер иесі экологиялық нормаларды бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 2025 жылы Алматы облысы бойынша экология департаментінің тексерісі нәтижесінде оған 275 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда бұл талап әлі күнге дейін орындалмаған.

    Соған қарамастан, прокуратура ауыл әкімі Бахтияр Қасымбекке де әкімшілік айыппұл салған. Қадағалау органы оны уақтылы әрекет етпеді деп таныған. Әкімнің өзі бұл шешіммен келіспей, сотқа шағымдануға ниетті. Себебі дәл оның бастамасымен бұл мәселе алғаш көтеріліп, облыстық деңгейге жеткізілген.

    «Табиғи аумақтардың ластану фактілері назардан тыс қалмайды. Өзен арнасын қалпына келтіру және тәртіп орнату жұмыстары жалғасып жатыр. Әкімдік тарапынан бақылау күшейтіледі», – делінген Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында.

    Қазіргі таңда барлық құжаттар Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясына, Экология департаментіне және Алматы облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған.

    Тереңкара өзені – Кіші Алматы өзенінің сол жақ саласы, ол Қапшағай су қоймасына құяды. Ащыбұлақ ауылдық округі аумағында өзеннің ұзындығы шамамен 17 шақырым, ал су қорғау аймағының ені – 120 метр. Экологтардың айтуынша, өзен арнасына кез келген араласу табиғи тепе-теңдікке айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

    Ұсынымдар

    Ұстаздар өтініші ескеріледі

    Ұстаздар өтініші ескеріледі

    1 year ago
    Ту – тұғырың!

    Ту – тұғырың!

    12 months ago
    Маңызды мәселелер қаралды

    Маңызды мәселелер қаралды

    1 year ago
    Мектептегі тәрбие жұмысы бірізге түсірілмек

    Мектептегі тәрбие жұмысы бірізге түсірілмек

    2 years ago
    Алматы облысында «Жұмысшы мамандықтар аллеясы» ашылды

    Алматы облысында «Жұмысшы мамандықтар аллеясы» ашылды

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>