⛅
11°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛДІ

    22.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛДІ
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Іле ауданындағы жұмыс сапары кезінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдаған болатын. Онда Боралдай кентінің тұрғындары, ауыл белсендісі Раушан Өтепбергенова мен Наталья Аношкина елдімекендегі ауызсу жүйесін жаңғырту және жолдардың қалпына келтірілуі мәселесін көтерген еді. Осыған орай облыс әкімі елдімекенге арнайы барып, жобалардың іске асу барысын тексеріп, жергілікті тұрғындармен кездесті.

    Кент тұрғындарының айтуын­ша, соңғы жылдары инженерлік желілердің ұзаққа созылған құры­лысы салдарынан жолдар бүлініп, жүру қиындаған. Мұндай жағдайға су құбырын жүргізу үшін қазылған ауылішілік жолдардың дер кезінде қайтадан көмілмеуі себеп. Құрылыс компаниясы ала жаздай жұмысты аяқтамай, еш себепсіз созуда. Салдарынан көшенің шаңы аспанға шығып, көлік кептелісі пайда болған. Кент тұрғындарының жүріп тұруына үлкен кедергі келтірген.
    Облыс басшысы мәселенің мән-жайына үңілу үшін құрылыс компаниялары өкілдерін шақырды. Мұндағы мәселені екі мердігер компания туындатып отыр. Біріншісі – «Астана Инжкомстрой» ЖШС. Ол сумен қамтуды қайта құру жобасын жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны 2,4 млрд теңгеден асады. Тапсырыс беруші – Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі. Аталмыш жұмыс Боралдай кенттік округінің «Водник-3» шағын­ауданының жеке секторын, шағын­ауданның бір бөлігі саналатын Ломоносов және әуежайға алып баратын тас жолдарды қамтиды. Екінші компания – «Арман АВК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Олар кәріз желілерін қайта құру жобасының екінші кезеңін жүзеге асыруда. Желілердің жалпы ұзындығы 10 шақырымнан асады. Кәріз желілерін реконструкциялау жобасын аяқтау жыл соңына жоспарланып отыр. Ал сумен қамтуды реконструкциялау жобасы биыл ішінара аяқталатын болады, жол төсемдерін толық қалпына келтіру жұмысы келесі жылы жүзеге аспақ.
    Жағдайды бағамдаған аймақ бас­шысы басты мақсат – инженерлік инфрақұрылымды жаңарту кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сапасына нұқсан келтірмеу екенін айтты.
    – Халыққа қолайсыздық тудыр­май, жұмыс істеуге болатын жер­лерде жұмысты жалғастырыңыз­дар. Ал қалған учаскелерде жобаны түзеткенше тоқтатыңыздар. Жобаны жасаған маманды шақырып, қажет болса, сотқа беріңіздер, лицензиясынан айырыңыздар. Мұндай жұмысқа жол берілмейді. Егер тағы да тоқтап қалса, балалар мектепке, үлкендер жұмысқа, біреулер ауруханаға жете алмай қалуы мүмкін. Ең бастысы – жолды қалпына келтіріп, тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз ету, – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.
    Нәтижесінде тұрғындардың ұсы­нысы ескеріліп, көшелер толық жабылмайтын болды. Жұмыс балама көшелерде құрылыс толық аяқта­лып, асфальт төселгеннен кейін ғана басталады. Сонымен қатар облыс бас­шысына кент тұрғындары тарапынан келіп түскен өтініштердің бірі ауыл ішіне саябақ салу еді. Боралдай кентінде саябақ салу жобасын әзірлеу және оған қажетті жер телімін заң аясында қарастыру аудан және округ әкіміне тапсырылды.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Аян салған ән асқақ

    Аян салған ән асқақ

    7 months ago
    Көзбен көріп, көңілге түйді

    Көзбен көріп, көңілге түйді

    10 months ago
    All ability Camp: Ерекше балаларға арналған өзгеше лагерь

    All ability Camp: Ерекше балаларға арналған өзгеше лагерь

    1 year ago
    Жүрегі жыр деп соғады

    Жүрегі жыр деп соғады

    4 months ago
    Білім мен ғылымның «қара шаңырағы» ҚазҰУ құрылғанына 90 жыл

    Білегіңе сенбе, біліміңе сен!

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>